User's Guide

ЕСКЕРТПЕ: Кейбір компьютер өнімдері батарея зарядын сақтау үшін графика контроллерлері
арасында ауыса алады.
HP Жылдам зарядтау мүмкіндігін (тек таңдаулы өнімдерде) пайдалану
HP Жылдам зарядтау мүмкіндігі арқылы компьютердегі батареяны жылдам зарядтауға болады.
Зарядтау уақыты ±10%-ға дейін өзгеруі мүмкін. Батареяның қалған заряды 0 мен 50% аралығында
болса, компьютер үлгісіне байланысты батарея толық қуаттылығының 50% мөлшеріне дейін ең көбі
30-45 минутта зарядталады.
HP жылдам зарядтау мүмкіндігін пайдалану үшін компьютерді өшіріңіз, одан кейін айнымалы ток
адаптерін компьютерге және сыртқы қуат көзіне жалғаңыз
.
Батарея зарядын көрсету
Батарея зарядының қалған деңгейін экранда көру үшін тінтуір меңзерін Питание (Қуат) белгішесінің
үстіне орналастырыңыз.
HP Support Assistant бағдарламасында батарея мәліметтерін табу (тек
таңдаулы өнімдерде)
Батарея туралы ақпаратқа қол жеткізу үшін:
1. Тапсырмалар тақтасының іздеу жолағында поддержка (қолдау) сөзін жазып, HP Support
Assistant бағдарламасын таңдаңыз.
– немесе –
Тапсырмалар тақтасындағы сұрау белгісінің белгішесін басыңыз.
2. Устранение неполадок и ошибок (Ақаулықтарды жою және түзету) опциясын таңдап,
Диагностика бөліміндегі HP Battery Check (HP Батарея тексеру) бағдарламасын таңдаңыз. Егер
батареяны ауыстыру керектігі HP Battery Check (HP Батарея тексеру) бағдарламасы арқылы
анықталған болса, HP қолдау қызметімен хабарласыңыз.
HP Support Assistant орталығында мына құралдар және батарея туралы ақпарат бар:
HP Battery Check (HP Батарея тексеру)
Батареяның түрлері, сипаттамалары, батареяның қызмет ету мерзімдері және сыйымдылығы
туралы ақпарат
Батарея қуатын үнемдеу
Батарея қуатын үнемдеу және батареяның қызмет ету мерзімін барынша ұзарту үшін келесі кеңестерді
орындаңыз:
Экранның жарықтығын төмендетіңіз.
Пайдаланбаған кезде, сымсыз құрылғыларды өшіріңіз.
USB портына қосылған сыртқы қатты диск сияқты сыртқы қуат көзіне жалғанбаған
пайдаланылмайтын сыртқы құрылғыларды ажыратыңыз.
Пайдаланбаған кез келген сыртқы мультимедиа карталарының жұмысын тоқтатыңыз, оларды
өшіріңіз немесе шығарып алыңыз.
Жұмысты тоқтатпас бұрын, ұйқы күйін қосыңыз немесе компьютерді өшіріңіз.
Батареяның қуатымен жұмыс істеу 37