User's Guide

Батарея зарядының төмен деңгейлерін анықтау
Компьютердің жалғыз қуат көзі болатын батарея заряды төмен батарея деңгейіне жеткенде, батарея
шамы жыпылықтайды:
Батарея шамы (тек таңдаулы өнімдерде) батарея зарядының төмен немесе тым төмен деңгейін
көрсетеді.
– немесе –
Қуат белгішесі төмен немесе өте төмен заряд деңгейі туралы хабарландыру береді.
ЕСКЕРТПЕ: Қуат белгішесі туралы қосымша ақпарат алу үшін, «Қуат» белгішесін және «Қуат
параметрлері» опциясын пайдалану (36-бет) бөлімін қараңыз.
Өте төмен батарея деңгейі кезінде компьютер төмендегі әрекеттерді орындайды:
Күту күйі ажыратылған кезде және компьютер қосулы немесе ұйқы күйінде болғанда, компьютер
қысқа уақытқа ұйқы күйіне өтеді және одан кейін өшеді. Барлық сақталмаған ақпарат жоғалады.
Күту күйі қосылған кезде және компьютер қосулы немесе ұйқы күйінде болғанда, компьютерде
күту күйі іске қосылады.
Зарядының төмен деңгейі мәселесін шешу
Сыртқы қуат көзі бар болғанда, зарядының төмен деңгейі мәселесін шешу
Келесі құрылғылардың біреуін компьютер мен сыртқы қуат көзіне жалғаңыз:
Айнымалы ток адаптері
Қосымша қондыру құрылғысы немесе кеңейту өнімі
HP компаниясынан қосалқы құрал ретінде сатып алынатын қосымша қуат адаптері
Сыртқы қуат көзі болмағанда, зарядының төмен деңгейі мәселесін шешу
Жұмысыңызды сақтап, компьютерді өшіріңіз.
Компьютерде күту режимінен шығу мүмкін болмағанда, зарядының төмен деңгейі
мәселесін шешу
1. Айнымалы ток адаптерін компьютер мен сыртқы қуат көзіне жалғаңыз.
2. Қуат түймесін басып күту күйінен шығыңыз.
Зауытта пломбаланған батарея
Батарея күйін бақылау үшін немесе егер батарея зарядты ұстамайтын болса, HP Support Assistant
бағдарламасындағы HP батарея тексеруін іске қосыңыз (тек таңдаулы өнімдерде).
1. Тапсырмалар тақтасының іздеу жолағында поддержка (қолдау) сөзін жазып, HP Support
Assistant бағдарламасын таңдаңыз.
– немесе –
Тапсырмалар тақтасындағы сұрау белгісінің белгішесін басыңыз.
2. Устранение неполадок и ошибок (Ақаулықтарды жою және түзету) опциясын таңдап,
Диагностика бөліміндегі HP Battery Check (HP Батарея тексеру) бағдарламасын таңдаңыз. Егер
38 6-тарау Қуат басқару