User's Guide

1. Пуск (Бастау) опциясын, кейін Microsoft Store опциясын таңдаңыз.
2. Іздеу жолағының жанындағы есептік жазба профилі суретін таңдап, Загрузки и обновления
үктеулер мен жаңартулар) опциясын таңдаңыз.
3. Загрузки и обновления (Жүктеулер мен жаңартулар) бетінде жаңартулар үшін таңдау жасаңыз
және экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Драйверлерді жаңарту үшін
1. Тапсырмалар тақтасының іздеу жолағына параметры центра обновления windows
(windows update параметрлері) сөзін жазып, Параметры Центра обновления Windows (Windows
Update параметрлері) опциясын таңдаңыз.
2. Проверить наличие обновлений (Жаңартулардың бар-жоқтығын тексеру) опциясын таңдаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Егер Windows жүйесі жаңа драйверді таба алмаса, құрылғы өндірушісінің веб-бетіне
өтіңіз және нұсқауларды орындаңыз.
Компьютерді тазалау
Кірді, қоқысты және қауіпті бактерияларды кетіру үшін компьютерді тазалап отырыңыз. Компьютер
беткейлерінің басым бөлігін тазарту үшін мына ақпаратты пайдаланыңыз. Ағаш бөліктері бар
компьютерлерге арналған мәліметтерді қараңыз: Ағаш беткейге күтім көрсету (тек таңдаулы
өнімдерде) (44-бет).
HP Easy Clean бағдарламасын (тек таңдаулы өнімдерде) пайдалану
Компьютер беткейлерін зарарсыздандырғыш майлықтар көмегімен тазалау кезінде HP Easy Clean
арқылы мәтінді кездейсоқ енгізуге тосқауыл қоюға болады. Бұл бағдарламалық құрал көмегімен
пернетақта, сенсорлы экран және сенсорлы тақта сияқты құрылғылар компьютердің барлық
беткейлерін тазарту үшін алдын ала орнатылған уақытқа өшіріледі.
1. HP Easy Clean бағдарламасын бастаудың бірнеше жолы бар:
Пуск (Бастау) мәзірін ашып, HP Easy Clean бағдарламасын бастаңыз.
– немесе –
Тапсырмалар тақтасындағы HP Easy Clean белгішесін басыңыз.
– немесе –
Пуск (Бастау) мәзірін ашып, HP Easy Clean таңбашасын басыңыз.
2. Құрылғылар қысқа уақытқа өшірілген кезде, пернетақта, дисплей, сенсорлы тақта мен корпусын
қоса, компьютердің барлық ашық беткейлерін қауіпсіз дезинфекциялау үшін
зарарсыздандырғыш майлық түрлерін пайдаланыңыз. Майлық түрлерін пайдалану үшін
өндірушінің нұсқауларын орындаңыз.
42 7-тарау Компьютерге техникалық қызмет көрсету