User's Guide

10 HP PC Hardware Diagnostics пайдалану
HP PC Hardware Diagnostics Windows (тек таңдаулы
өнімдерде) пайдалану
HP PC Hardware Diagnostics Windows – компьютердің аппараттық құралдарының дұрыс жұмыс
істейтінін анықтау үшін диагностикалық сынақтарды жүргізуге мүмкіндік беретін
Windows
операциялық жүйесіне негізделген бағдарламалық құрал. Құрал Windows операциялық жүйесінде
аппараттық құралдың ақаулықтарын тексеру үшін қолданылады.
Құралды HP PC Hardware Diagnostics Windows орнатылмаған компьютерге жүктеп алып орнатыңыз. HP
PC Hardware Diagnostics Windows жүктеп алу туралы ақпаратты HP PC Hardware Diagnostics Windows
жүктеп алу (55-бет) бөлімінен қараңыз.
HP PC Hardware Diagnostics Windows орнатылғаннан кейін, оны HP Анықтама және қолдау немесе HP
Support Assistant бағдарламасы арқылы ашу үшін мына қадамдарды орындаңыз.
1. HP PC Hardware Diagnostics Windows HP Анықтама және қолдау бағдарламасы арқылы ашу үшін:
а. Пуск (Бастау) түймесін басып, Справка и поддержка HP (HP Анықтама және қолдау) бөлімін
таңдаңыз.
ә. HP PC Hardware Diagnostics Windows құралын таңдаңыз.
– немесе –
HP PC Hardware Diagnostics Windows құралын HP Support Assistant бағдарламасы арқылы ашу
үшін:
а. Тапсырмалар тақтасының іздеу жолағында поддержка (қолдау) сөзін жазып, HP Support
Assistant бағдарламасын таңдаңыз.
– немесе –
Тапсырмалар тақтасындағы сұрау белгісінің белгішесін басыңыз.
ә. Устранение неполадок и ошибок (Ақаулықтарды және қателерді жою) опциясын таңдаңыз.
б. Диагностика, одан кейін HP PC Hardware Diagnostics Windows параметрін таңдаңыз.
2. Диагностикалау құралы ашылғанда, орындалатын диагностикалық сынақтың түрін таңдаңыз
және экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Сынақты тоқтату үшін Отмена (Болдырмау) опциясын таңдаңыз.
HP PC Hardware Diagnostics Windows арқылы аппараттық құралды ауыстыруды талап ететін ақаулық
анықталған кезде, ақаулықтың 24 таңбалы идентификациялық коды жасалады. Экранда келесі
опциялардың біреуі көрсетіледі:
Ақаулықтың идентификациялық кодына сілтеме экранға шығарылады. Сілтемені басып,
экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Қолдау қызметіне қоңырау шалу бойынша нұсқаулар көрсетіледі. Бұл нұсқауларды орындаңыз.
54 10-тарау HP PC Hardware Diagnostics пайдалану