User's Guide

HP PC Hardware Diagnostics UEFI пайдалану
ЕСКЕРТПЕ: Windows 10 S компьютерін пайдаланғанда, HP UEFI қолдау ортасын жүктеу және жасау
үшін тек .exe пішіміндегі файлдар қолданылғандықтан, Windows компьютері мен USB флэш-жадын
пайдалану қажет. Қосымша ақпаратты HP PC Hardware Diagnostics UEFI құралын USB флэш-жады
дискісіне жүктеу (57-бет) бөлімінен қараңыз.
HP PC Hardware Diagnostics UEFI (Бірыңғай кеңейтілетін ішкі бағдарламалық құрал интерфейсі) құралы
компьютердің аппараттық құралдарының дұрыс жұмыс істейтінін анықтау үшін диагностикалық
сынақтарды жүргізуге мүмкіндік береді. Құрал амалдық жүйенің сыртында жұмыс істейді және
амалдық жүйенің өзі немесе басқа бағдарламалық құралдар бөліктері туындауы мүмкін аппараттық
құралдың ақаулықтарын бөлектейді
.
Компьютерде Windows операциялық жүйесі жүктелмесе, аппараттық құралдардың мәселелерін
диагностикалау үшін HP PC Hardware Diagnostics UEFI құралын пайдалануға болады.
HP PC Hardware Diagnostics UEFI арқылы аппараттық құралды ауыстыруды талап ететін ақаулық
анықталған кезде, ақаулықтың 24 таңбалы идентификациялық коды жасалады. Мәселені шешу
кезіндегі көмек:
Связаться с HP (HP компаниясымен хабарласу) опциясын таңдап, HP компаниясының
құпиялылық мәлімдемесін қабылдаңыз, одан кейін мобильді құрылғымен келесі экрандағы
ақаулықтың идентификациялық кодын сканерлеңіз. HP тұтынушыларды қолдау қызмет
орталығының беті ашып, ақаулықтың идентификациялық коды және өнім нөмірі автоматты
түрде енгізіледі. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
– немесе –
Қолдау қызметімен байланысып, ақаулықтың идентификациялық кодын хабарлаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Өзгертпелі компьютерде диагностикалау құралын бастау үшін компьютерді ноутбук
режиміне ауыстырып, тіркелген пернетақтаны пайдаланыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Егер диагностикалық сынақты тоқтату қажет болса, esc пернесін басыңыз.
HP PC Hardware Diagnostics UEFI бастау
HP PC Hardware Diagnostics UEFI құралын бастау үшін келесі қадамдарды орындаңыз:
1. Компьютерді қосыңыз немесе өшіріп қайта бастаңыз және esc пернесін тез басып қалыңыз.
2. f2 пернесін басыңыз.
BIOS бағдарламасы диагностикалық құралдарды үш орыннан төмендегі тәртіпте іздейді:
а. Жалғанған USB флэш-жады дискісі
ЕСКЕРТПЕ: HP PC Hardware Diagnostics UEFI құралын USB флэш-жады дискісіне жүктеу
туралы ақпаратты HP PC Hardware Diagnostics UEFI құралының ең соңғы нұсқасын жүктеп
алу (57-бет) бөлімінен қараңыз.
ә. Қатты диск
б. BIOS
3. Диагностикалау құралы ашылғанда, тілді, одан кейін орындалатын диагностикалық сынақтың
түрін таңдаңыз және экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
56 10-тарау HP PC Hardware Diagnostics пайдалану