User's Guide

11 Сақтық көшірме жасау, алдыңғы күйіне
қайтару және қалпына келтіру
Бұл тарауда бар келесі процестер туралы ақпарат беріледі. Бұл өнімдердің көпшілігі үшін
қолданылатын стандартты процедура:
Жеке ақпараттың сақтық көшірмесін жасау: жеке мәліметтердің сақтық көшірмесін жасау үшін
Windows құралдарын пайдалануға болады (Windows құралдарын пайдалану (59-бет) бөлімін
қараңыз).
Қалпына келтіру нүктесін жасау: қалпына келтіру нүктесін жасау үшін Windows құралдарын
пайдалануға болады (Windows құралдарын пайдалану (59-бет) бөлімін қараңыз).
Қалпына келтіру медиасын жасау (тек таңдаулы өнімдерде): HP Cloud Recovery Download Tool
(тек таңдаулы өнімдерде) құралдарын қалпына келтіру медиасын жасау үшін пайдалануға
болады (HP Cloud Recovery Download Tool құралын қалпына келтіру нұсқасын жасау үшін (тек
таңдаулы өнімдерде) пайдалану (60-бет) бөлімін қараңыз).
Алдыңғы күйге қайтару және қалпына келтіру: Windows жүйесі сақтық көшірмеден қалпына
келтіру, компьютерді қалпына келтіру және компьютерді оның бастапқы қалпына келтіру үшін
бірнеше опцияны ұсынады (Windows құралдарын пайдалану (59-бет) бөлімін қараңыз).
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Егер планшетте қалпына келтіру процедурасын орындап тұрса, қалпына
келтіру процесін бастамас бұрын, планшет батареясының заряды кем дегенде 70% асуы тиіс.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Кез келген қалпына келтіру процесін бастамас бұрын, ажыратылатын
пернетақтасы бар планшетті пернетақта қондырмасына жалғаңыз.
Ақпараттың сақтық көшірмесін жасау және қалпына
келтіру медиасын жасау
Windows құралдарын пайдалану
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Windows жүйесі жеке ақпараттың сақтық көшірмесін жасауға мүмкіндік беретін
бір-ақ опция болып табылады. Мәліметтердің жоғалуын болдырмау үшін жүйелі түрде сақтық
көшірмелер жасауды жоспарлаңыз.
Жеке ақпараттың сақтық көшірмесін жасау және жүйені қалпына келтіру нүктелерін немесе қалпына
келтіру медиасын жасау үшін Windows құралдарын пайдалануға болады.
ЕСКЕРТПЕ: Компьютердің сақтау орны 32 ГБайт немесе одан төмен болса, Microsoft жүйесін қалпына
келтіру мүмкіндігі әдепкі бойынша ажыратылған болады.
Қосымша ақпаратты және нұсқауларды Техническая поддержка (Анықтама алу) бағдарламасында
қараңыз.
1. Пуск (Бастау) түймешігін басыңыз және Техническая поддержка (Анықтама алу) бағдарламасын
таңдаңыз.
2. Орындалатын тапсырманы таңдаңыз.
Ақпараттың сақтық көшірмесін жасау және қалпына келтіру медиасын жасау 59