User's Guide

HP SlateBook компьютерлері – Арнайы мүмкіндіктерді қосу (Android 4.3, 4.2/Jelly Bean)
HP Chromebook компьютерлері – HP Chromebook немесе Chromebox (Chrome OS) құрылғысында
арнайы мүмкіндіктерді қосу
HP Shopping – HP өнімдеріне арналған перифериялық құрылғылар
HP өніміңіздегі арнайы мүмкіндіктер туралы қосымша қолдау қажет болса, ақпаратты Қолдау
қызметіне хабарласу (69-бет) бөлімінен қараңыз.
Қосымша көмек ұсынатын сыртқы әріптестер мен провайдерлерге қосымша сілтемелер:
Microsoft жүйесінің (Windows 7, Windows 8, Windows 10, Microsoft Oice) арнайы мүмкіндіктер
туралы ақпараты
Google өнімдерінің (Android, Chrome, Google қолданбалары) арнайы мүмкіндіктер туралы
ақпараты
Кемістік бойынша сұрыпталған арнайы мүмкіндіктер түрлері
Арнайы мүмкіндіктер жөніндегі өнеркәсіптік бірлестік (ATIA)
Стандарттар және заңдар
Стандарттар
Федералдық қажеттіліктерге арналған сатып алу заңының (FAR) 508-бөлімі физикалық, сенсорлық
немесе ұғыну мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған ақпараттық және коммуникациялық
технологияға (ICT) қолжетімділікті бағыттау мақсатында АҚШ қатынастар басқармасы арқылы
жасалған. Стандарттар технологиялардың алуан түрлеріне қатысты арнайы техникалық шарттарды,
сондай-ақ қамтылған өнімдердің функционалдық мүмкіндіктеріне негізделген өнімділік негізіндегі
талаптарды қамтиды. Арнайы шарттар бағдарламалық құрал қолданбалары мен операциялық
жүйелерді, Интернетке негізделген ақпарат пен қолданбаларды, компьютерлерді,
телекоммуникациялық өнімдерді, бейне мен мультимедиа құралдарын және тұйықталған жабық
өнімдерді қамтиды.
Нөмірі 376 – EN 301 549 бұйрығы
EN 301 549 стандартын Еуропалық одақ ақпараттық және коммуникациялық технология өнімдерін
қоғамдық сатып алуға арналған онлайн құралдар жинағына негіз ретінде 376-бұйрықта шығарған.
Стандарт ақпараттық және коммуникациялық технология өнімдері мен қызметтеріне қолданылатын
функционалдық арнайы мүмкіндіктер талаптарын, сондай-ақ әрбір арнайы мүмкіндік талабына
арналған сынау процедуралары мен бағалау методологиясының сипаттамасын анықтайды.
Веб-мазмұнға қол жеткізу жөніндегі нұсқаулар (WCAG)
W3C Интернетке қолжетімділік бастамасының веб-мазмұнға қол жеткізу жөніндегі нұсқаулары (WCAG)
веб-дизайнерлер мен әзірлеушілерге физикалық немесе жасына қатысты мүмкіндіктері шектеулі
адамдардың қажеттіліктеріне жақсырақ сәйкес келетін сайттарды жасауға көмектеседі. WCAG арнайы
мүмкіндіктерді веб-мазмұн (мәтін, суреттер, аудио және бейне) мен веб-қолданбалардың толық
ауқымы арқылы жетілдіреді. WCAG нұсқауларын мұқият сынап көруге, оңай түсінуге және
пайдалануға болады, сондай-ақ ол веб-жетілдірушілерге инновацияға икемділікті береді. WCAG 2.0
нұсқауы ISO/IEC 40500:2012 стандарты ретінде де бекітілген.
WCAG көру, есту, физикалық, ұғыну және неврологиялық мүмкіндіктері шектеулі адамдардың, сондай-
ақ қол жеткізу қажеттіліктері бар ересек интернетті пайдаланушылардың интернеттегі мазмұнға қол
жеткізу тосқауылдарына айтарлықтай шешеді. WCAG 2.0 қол жеткізілетін мазмұнның сипаттамаларын
береді:
Стандарттар және заңдар 67