User's Guide

Кесте 2-2 Сол жақтағы бөліктер және олардың сипаттамалары (жалғасы)
Бөлік Сипаттама
Питание (Қуат) белгішесін тінтуірдің оң жақ
түймешігімен басып, Электропитание (Қуат
параметрлері) тармағын таңдаңыз.
(2) Қуат индикаторы Бұл индикатор жанып тұрғанда: компьютер қосулы.
Жыпылықтау (тек таңдаулы өнімдерде): қуатты
үнемдеу күйі болып табылатын «Ұйқы күйі»
компьютерде қосылған. Компьютер дисплейді және
қажетсіз құрамдас бөліктерді өшіреді.
Өшірулі: компьютер моделіне байланысты компьютер
өшірулі, гибернация күйінде немесе ұйқы режимінде
болады. Күту күйі – ең аз мөлшерде қуат тұтынатын
қуатты үнемдеу күйі.
(3) Қуат ұясы Айнымалы ток адаптері қосылады.
(4) Айнымалы ток адаптері және батарея
индикаторы
Ақ: айнымалы ток адаптері қосылған, батарея
толығымен зарядтаулы.
Ақ түсте жыпылықтайды (тек таңдаулы өнімдерде):
айнымалы ток адаптері ажыратылды және батарея
заряды төмен батарея деңгейіне жетті.
Сары: айнымалы ток адаптері қосылған, батарея
зарядталуда.
Өшірулі: батарея зарядталмайды.
(5) HDMI порты Ажыратымдылығы жоғары теледидар немесе кез келген
сыйысымды сандық не аудио компоненті сияқты қосымша
видео не аудио құрылғыны, сондай-ақ жылдамдығы
жоғары HDMI құрылғысын қосады.
(6) Желдеткіш Ішкі бөліктерді салқындату үшін ауа ағынын қосады.
ЕСКЕРТПЕ: Компьютер желдеткіші ішкі бөліктерді
салқындату үшін және қызып кетуден қорғау үшін
автоматты түрде қосылады. Жұмыс барысында
желдеткіштің біресе қосылып, біресе өшіп отыруы –
қалыпты жағдай.
(7) Біріктірілген аудио шығыс (құлақаспап
үшін)/aудио кіріс (микрофон үшін) ұясы
Токқа қосылатын қосымша стерео үндеткіштер,
құлақаспаптар, тығын тәріздес құлақаспаптар, гарнитура
немесе теледидар дыбыс кабелі қосылады. Сонымен қатар
қосымша гарнитура микрофонын қосады. Бұл ұяға қосымша
автономды микрофонды жалғауға болмайды.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жарақаттану қаупін азайту үшін
құлақаспаптар, тығын тәріздес құлақаспап немесе
гарнитураны киер алдында, дыбыс деңгейін реттеңіз.
Қауіпсіздік туралы қосымша ақпарат алу үшін Қауіпсіздікке
және қоршаған ортаға қойылатын талаптарға сәйкестік
туралы ескертпелер нұсқаулығын қараңыз.
Бұл нұсқаулықты пайдалану үшін:
Тапсырмалар тақтасының іздеу өрісіне
Документация НР (НР құжаттары) деп жазып, одан
кейін Документация НР (НР құжаттары) опциясын
таңдаңыз.
Сол жақтағы 7