User's Guide

Арнайы пернелер
Кесте 2-7 Арнайы пернелер және олардың сипаттамалары
Бөлік Сипаттама
(1) esc перне fn пернесімен бірге басылған кезде, жүйе ақпараты
көрсетіледі.
(2) fn перне Басқа пернемен бірге басылған кезде, белгілі бір
функцияларды орындайды.
(3) Windows пернесі Пуск (Бастау) мәзірін ашады.
ЕСКЕРТПЕ: Windows пернесін қайта бассаңыз, Пуск (Бастау)
мәзірі жабылады.
(4) Әрекеттер пернелері Жиі қолданылатын жүйе функцияларын f1 мен f12
арасындағы функциялық пернелердің үстіндегі белгіше
белгілері көрсеткендей орындаңыз. Функциялық пернелер
компьютерге байланысты өзгеше болады. Әрекеттер
пернелері (14-бет) бөлімін қараңыз.
(5) HP Command Center пернесі НР Command Center қолданбасын ашады. Бұл қолданба
арқылы компьютердің температурасы мен суыту
параметрлерін реттеуге болады.
(6) num lock пернесі Кірістірілген сандық пернетақтада жылжу функциясын және
сандар функциясын атқарады.
(7) Кірістірілген сандық пернетақта Әріптік пернетақтаның оң жағында орналасқан бөлек
пернетақта. num lock пернесі басылған кезде, пернетақтаны
сыртқы сандар пернетақтасы ретінде қолдануға болады.
ЕСКЕРТПЕ: Өшірілген компьютерде белсенді болып тұрған
пернетақта функциясы компьютер қайта қосылғанда
қалпына келеді.
Пернетақта аймағы 13