User's Guide

Тінтуір
Сыртқы пернетақта
Bluetooth құрылғыларын қосу
Bluetooth құрылғысын пайдаланбас бұрын Bluetooth қосылысын орнату қажет.
1. Тапсырмалар тақтасының іздеу терезесінде bluetooth сөзін теріп, Bluetooth и другие
параметры устройства (Bluetooth және құрылғының басқа параметрлері) тармағын таңдаңыз.
2. Егер Bluetooth әлі қосылмаған болса, оны қосыңыз.
3. Добавление Bluetooth или другого устройства (Bluetooth немесе басқа құрылғыны қосу)
тармағын таңдаңыз, одан кейін Добавить устройство (Құрылғыны қосу) тілқатысу терезесінде
Bluetooth опциясын таңдаңыз.
4. Құрылғыңызды тізімнен таңдаңыз, одан кейін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Құптау қажет болса, жұптастыру коды көрсетіледі. Жұптастыру коды мен
құрылғыңыздың кодының сәйкес болуын тексеру үшін қосылатын құрылғының экранындағы
нұсқауларды орындаңыз. Қосымша ақпарат алу үшін құрылғымен бірге берілген құжаттарды
қараңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Құрылғыңыз опциялар тізімінде болмаса, сол құрылғыдағы Bluetooth мүмкіндігінің
қосулы екенін тексеріңіз. Кейбір құрылғылардың қосымша талаптары болуы мүмкін. Мәліметтерді
құрылғымен бірге берілген құжаттардан қараңыз.
Сымды желіге (LAN) қосылу (тек таңдаулы өнімдерде)
Компьютерді үйдегі роутерге (сымсыз жұмыс істеудің орнына) тікелей немесе офистегі бұрыннан бар
желіге қосу керек болса, LAN байланысын пайдаланыңыз.
Компьютерде RJ-45 порты болмаса, LAN желісіне қосылу үшін желілік кабель және желілік ұя немесе
қосымша қондыру құрылғысы не кеңейту құралы қажет.
Желі кабелін қосу үшін, төмендегі қадамдарды орындаңыз:
1. Желілік кабелді компьютердегі желі ұясына (1) жалғаңыз.
Сымды желіге (LAN) қосылу (тек таңдаулы өнімдерде) 21