User's Guide

Ағаш беткейге күтім көрсету (тек таңдаулы өнімдерде)
Құрылғыңыздың беткейі жоғары сапалы ағаш бет болуы мүмкін. Табиғи ағаш өнімдер болса, оларды
пайдалану барысында жақсы нәтиже үшін оларға дұрыс күтім көрсету және дұрыс пайдалану өте
маңызды. Табиғи ағаштың табиғатына байланысты оның беткейі бірегей және түсі өзгешелеу болуы
мүмкін. Бұл – қалыпты жағдай.
Ағаш беткейді жұмсақ, антистатикалық микроталшық матамен немесе күдерімен тазалаңыз.
Құрамында аммиагы, хлоры, ацетоны, скипидары бар тазалау өнімдерін немесе уайт-спиритті
пайдалануға болмайды.
Ағаш бөліктерді тікелей күн сәулелері немесе ылғал түсетін жерде ұзақ уақыт бойы ұстамаңыз.
Ағаш бөліктерге ылғал түссе, оларды сұйықтықты сіңіріп алатын түксіз матамен арқылы
құрғатыңыз.
Ағаш беткей боялуына немесе түссізденуіне әкелуі мүмкін заттардың оған тиюіне жол бермеңіз.
Ағаш бөліктерге сызат түсіруі мүмкін өткір заттардың немесе бұдыр беттердің тиюіне жол
бермеңіз.
Компьютерді сапарға алып шығу немесе тасымалдау
Компьютерді сапарға алып шығу немесе оны тасымалдау керек болса, құрылғыны қорғаудың келесі
кеңестерін орындаңыз.
Компьютерді саяхаттауға немесе тасымалдауға дайындау:
Ақпараттың сақтық көшірмесін сыртқы дискіге жазыңыз.
Барлық дискілерді және жад карталары сияқты барлық сыртқы медиа карталарды
шығарыңыз.
Барлық сыртқы құрылғыларды өшіріп, ажыратыңыз.
Компьютерді сөндіріңіз.
Ақпараттың сақтық көшірмесін бірге алып жүріңіз. Барлық сақтық көшірмелерді компьютерден
бөлек ұстаңыз.
Ұшақпен саяхаттау кезінде компьютерді қол жүгі ретінде алып жүріңіз; оны жүк бөлімінде
тасымалдауға болмайды.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Дискінің магниттік өрістердің әсеріне ұшырамауын қадағалаңыз.
Магниттік өрісі бар қауіпсіздік құрылғылары әуежайдағы тексеруден өту құрылғылар мен
қауіпсіздік бағандарында болады. Жолаушылар жүктерін тексеруге арналған әуежайлардағы
конвейерлік жолдар және соған ұқсас қауіпсіздік құрылғылары магниттік өрістің орнына рентген
сәулелерін қолданады да, дискілерге зиян келтірмейді.
Ұшу кезінде компьютерді қолдануды жоспарласаңыз, компьютерді пайдаланатын уақытты ұшу
алдындағы хабарландыру кезінде тыңдаңыз. Әуе сапары кезінде компьютер қолдануға рұқсат
беру әуе компаниясының құзырында.
Егер компьютерді немесе дискіні тасымалдайтын болсаңыз, тиісті қорғаныш орамы мен «FRAGILE»
ез сынғыш) деген ескертпесі бар жапсырманы қолданыңыз.
Кейбір орталарда сымсыз байланыс құрылғыларын пайдалануға тыйым салынуы мүмкін.
Ұшақтарда, ауруханаларда, жарылғыш заттардың жанында және қауіпті орталарда осындай
44 7-тарау Компьютерге техникалық қызмет көрсету