Пайдаланушы нұсқаулығы
© Copyright 2019, 2020 HP Development Company, L.P. Bluetooth өз меншік иесінің сауда белгісі болып табылады және оны HP Inc. компаниясы лицензия бойынша пайдаланады. Intel, Celeron және Pentium – АҚШ және/немесе басқа елдердегі Intel корпорациясының немесе еншілес компанияларының сауда белгілері. Windows – АҚШ және/немесе басқа елдердегі Microsoft корпорациясының тіркелген сауда белгісі немесе сауда белгісі. Miracast® – Wi-Fi Alliance компаниясының тіркелген сауда белгісі.
Қауіпсіздік туралы ескерту хабары АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Қызып кетумен байланысты зақымдарды немесе компьютердің қатты қызып кету жағдайын азайту үшін компьютерді тізеңізге қоймаңыз немесе компьютердің ауа желдеткішін бітемеңіз. Компьютерді тек қатты, тегіс беткейдің үстіне қойып пайдаланыңыз. Қасында тұрған қосымша принтер сияқты қатты беттің немесе жастық, кілем не мата сияқты жұмсақ беткейдің ауа ағынын бөгеуіне жол бермеңіз.
iv Қауіпсіздік туралы ескерту хабары
Процессордың конфигурация параметрі (тек таңдаулы өнімдерде) МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Таңдаулы өнімдер Intel® Pentium® N35xx/N37xx сериялы немесе Celeron® N28xx/N29xx/N30xx/N31xx сериялы процессормен және Windows® операциялық жүйесімен жабдықталады. Жоғарыда сипатталған компьютерде msconfig.exe файлында процессордың конфигурациялық параметрлерін 4 немесе 2 процессордан 1 процессорға өзгертпеңіз. Егер өзгертсеңіз, компьютер қайта қосылмайды.
vi Процессордың конфигурация параметрі (тек таңдаулы өнімдерде)
Maзмұны 1 Алғашқы жұмыс .......................................................................................................................................... 1 Ең жақсы тәжірибе .............................................................................................................................................. 1 Қосымша HP ресурстары ..................................................................................................................................... 2 2 Компьютермен танысу ....
Үндеткіштерді қосу ......................................................................................................................... 21 Құлақаспаптарды қосу ................................................................................................................... 22 Гарнитураны қосу ............................................................................................................................ 22 Дыбыс параметрлерін пайдалану .....................................................
Сыртқы қуат қолданылғанда батарея зарядының төмен деңгейі мәселесін шешу .............................................................................................................................. 35 Ешқандай қуат көзі болмағанда төмен батарея деңгейін шешу ............................ 35 Компьютер күту күйінен шыға алмайтын кезде, төмен батарея деңгейін шешу ..............................................................................................................................
BIOS жаңартуын жүктеп алу .......................................................................................................... 49 10 HP PC Hardware Diagnostics пайдалану ...................................................................................................... 51 HP PC Hardware Diagnostics Windows (тек таңдаулы өнімдерде) пайдалану .............................................. 51 HP PC Hardware Diagnostics Windows жүктеп алу ................................................................
14 Арнайы мүмкіндіктер .............................................................................................................................. 62 HP және арнайы мүмкіндіктер ......................................................................................................................... 62 Арнайы мүмкіндіктерге арналған қажетті құралдарды табу .................................................... 62 HP міндеті ....................................................................................
xii
1 Алғашқы жұмыс Бұл компьютер жұмыс істеуді және көңіл көтеруді жақсартуға арналған қуатты құрал болып табылады. Компьютерді орнату жасалғаннан кейін орындауға болатын ең жақсы амалдар, компьютермен жасауға болатын қызықты әрекеттер және қосымша HP ресурстарын табуға болатын орындар туралы білу үшін, осы бөлімді оқып шығыңыз.
Қосымша HP ресурстары Өнім туралы егжей-тегжейлі деректерді, практикалық нұсқаулық ақпаратын және қосымша мәліметтерді қамтамасыз ететін ресурстарды табу үшін, мына кестені қараңыз. Кесте 1-1 Қосымша ақпарат Ресурстар Мазмұны Орнату нұсқаулары ● Компьютердің параметрлерін орнатуға және мүмкіндіктеріне жалпы шолу НР қолдау қызметі ● HP маманымен желіде сөйлесу НР қолдауы үшін http://www.hp.com/support бетіне өтіңіз және өнімді табу жөнінде нұсқауларды орындаңыз.
Кесте 1-1 Қосымша ақпарат (жалғасы) Ресурстар Мазмұны МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Пайдаланушы нұсқаулығының ең соңғы нұсқасын ашу үшін Интернетке қосылу қажет. НР Шектеулі кепілдігін өнімдегі және/немесе қорапта қамтамасыз етілген ықшам дискіде немесе DVD дискісіндегі пайдаланушы нұсқаулықтарында табуға болады. Кейбір елдерде немесе аймақтарда HP компаниясы басылған кепілдікті қорапта ұсынады. Басылған түрдегі кепілдік берілмейтін елдерде/аймақтарда оның басылған көшірмесін http://www.hp.
2 Компьютермен танысу Компьютерде жоғарғы деңгейлі бөліктер бар. Бұл тарауда бөліктер туралы, олардың қайда орналасқаны және қалай істейтіні туралы мәліметтер берілген. Аппараттық құралдардың орналасқан жерлері Компьютерге орнатылған аппараттық құралдарды көру үшін: ▲ Тапсырмалар тақтасының іздеу жолағында диспетчер устройств (құрылғылар басқарушысы) деп теріп, Диспетчер устройств (Құрылғылар басқарушысы) қолданбасын таңдаңыз. Компьютерге орнатылған барлық құрылғылар тізімде көрсетіледі.
Оң жақ Кесте 2-1 Оң жақтағы бөліктер және олардың сипаттамалары Бөлік (1) Сипаттама Диск индикаторы ● Ақ түсте жыпылықтау: катты диск пайдаланылуда. ● Сары: HP 3D DriveGuard қызметі қатты дискіні уақытша өшіріп қояды. ЕСКЕРТПЕ: HP 3D Drive Guard қызметі туралы ақпаратты HP 3D DriveGuard бағдарламасын (тек таңдаулы өнімдерде) пайдалану (38-бет) бөлімінен қараңыз. (2) Жад картасын оқу құрылғысы Ақпарат сақтауға, басқаруға, ортақ пайдалануға немесе ашуға мүмкіндік беретін қосымша жад карталарын оқиды.
Кесте 2-1 Оң жақтағы бөліктер және олардың сипаттамалары (жалғасы) Бөлік Сипаттама ● (7) Қуат ұясы Өшірулі: батарея зарядталмайды. Айнымалы ток адаптеріне қосылады. Сол жақ Кесте 2-2 Сол жағындағы бөліктер және олардың сипаттамалары Бөлік Сипаттама (1) USB SuperSpeed порты Ұялы телефон, камера, белсенділік трекері немесе смарт сағат сияқты USB құрылғысын жалғап, деректерді жоғары жылдамдықпен беруді қамтамасыз етеді.
Кесте 2-2 Сол жағындағы бөліктер және олардың сипаттамалары (жалғасы) Бөлік Сипаттама ● Компьютер қосулы болғанда, ұйқы күйін қосу үшін түймені тез басып қалыңыз. ● Компьютер ұйқы күйінде болғанда, ұйқы күйінен (тек таңдаулы өнімдерде) шығу үшін түймені тез басып қалыңыз. ● Компьютер күту күйінде болған кезде, күту күйінен шығу үшін түймені тез басып қалыңыз. МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Қуат түймесін басып тұрғанда, сақталмаған ақпарат жойылады.
Кесте 2-3 Дисплей бөліктері және олардың сипаттамалары Бөлік Сипаттама (1) Ішкі микрофондар (2) Дыбыс жазады. (2) Камера Бейнечат жүргізу, бейне жазу және фотосуреттерді жазу мүмкіндігін береді. Камераны пайдалану үшін Камераны пайдалану (21-бет) бөлімін қараңыз. Кейбір камераларда құпия сөз орнына бет әлпетін тануды пайдаланып, Windows операциялық жүйесіне кіруге мүмкіндік береді. Қосымша ақпаратты Windows Hello мүмкіндігін пайдалану (тек таңдаулы өнімдерде) (45-бет) бөлімінен қараңыз.
Пернетақта аумағы ЕСКЕРТПЕ: Пернетақталар тілге байланысты өзгеше болуы мүмкін. Сенсорлы тақта Сенсорлы тақта параметрлері Сенсорлы тақта параметрлері мен қимылдарды реттеу немесе сенсорлы тақтаны өшіру үшін: 1. Тапсырмалар тақтасының іздеу терезесіне параметры сенсорной панели (сенсорлы тақта параметрлері) деп теріп, enter пернесін басыңыз. 2. Параметрді таңдаңыз. Сенсорлы тақтаны қосу үшін: 1.
Кесте 2-4 Сенсорлы тақта бөліктері және олардың сипаттамалары (жалғасы) Бөлік Сипаттама (2) Сол жақ басқару аймағы Қосымша әрекеттерді орындауға мүмкіндік беретін таңбаланған аймақ. (3) Оң жақ басқару аймағы Қосымша әрекеттерді орындауға мүмкіндік беретін таңбаланған аймақ. Индикаторлар Кесте 2-5 Индикаторлар және олардың сипаттамалары Бөлік 10 Сипаттама (1) Caps Lock индикаторы Қосулы: пернелердің барлығын бас әріпке ауыстыратын «Caps lock» пернесі басылған.
Үндеткіштер және саусақ ізін оқу құрылғысы Саусақ ізін оқу құрылғысы сенсорлы тақтада, компьютердің бүйір панелінде немесе пернетақтаның астынан үстіңгі қақпақта орналасқан болуы мүмкін. МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Компьютерде саусақ ізін оқу құрылғысы көмегімен жүйеге кіру мүмкіндігі баржоғын тексеру үшін тапсырмалар тақтасының іздеу өрісіне параметры входа (кіру опциялары) деп теріп, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Арнайы пернелер Кесте 2-7 Арнайы пернелер және олардың сипаттамалары Бөлік Сипаттама (1) esc пернесі fn пернесімен бірге басылған кезде, жүйе ақпараты көрсетіледі. (2) fn пернесі Басқа пернемен бірге басылған кезде, белгілі бір функцияларды орындайды. (3) Windows пернесі Пуск (Бастау) мәзірін ашады. ЕСКЕРТПЕ: Windows пернесін қайта бассаңыз, Пуск (Бастау) мәзірі жабылады. (4) Әрекет пернелері Жиі қолданылатын жүйелік функцияларды орындайды. Әрекет пернелері (12-бет) бөлімін қараңыз.
Кесте 2-8 Әрекет пернелері және олардың сипаттамалары (жалғасы) Белгіше Сипаттама Бұл пернені басып тұрғанда, экран жарықтығы қадам бойынша төмендетіледі. Бұл пернені басып тұрғанда, экран жарықтығы біртіндеп артады. «Windows 10 жүйесінде анықтама алу әдісі» веб-бетін ашады. Жүйеге қосылған дисплейлер арасында экран кескінін ауыстырады.
Кесте 2-8 Әрекет пернелері және олардың сипаттамалары (жалғасы) Белгіше Сипаттама Сенсорлы тақтаны қосады немесе өшіреді. Ұшақ режимін және сымсыз байланыс мүмкіндігін қосады немесе ажыратады. ЕСКЕРТПЕ: Ұшақ режимі пернесі де сымсыз байланыс түймешігі деп саналады. ЕСКЕРТПЕ: Сымсыз байланысты орнатудан бұрын, сымсыз желі де орнатылуы қажет. Астыңғы жағы Кесте 2-9 Астыңғы жағындағы бөлік және оның сипаттамасы Бөлік Сипаттама Желдеткіш саңылау Ішкі бөліктерді салқындату үшін ауа ағынын қосады.
● Қызмет көрсету жапсырмасы: компьютерді анықтау үшін маңызды ақпаратты береді. Қолдау қызметімен хабарласу кезінде сериялық нөмір, өнім нөмірі немесе модель нөмірі сұралуы мүмкін. Қолдау қызметімен хабарласпас бұрын, бұл ақпаратты табыңыз. Қызмет көрсету жапсырмасы төменде көрсетілген үлгілердің біріне ұқсас болады. Компьютердегі қызмет көрсету жапсырмасына ең ұқсас суретті қараңыз.
3 Желіге қосылу Осы компьютермен кез келген жерге саяхаттауға болады. Алайда компьютер мен сымсыз не сымды желі байланысын пайдаланып, үйде отырып та, дүние жүзін шарлап, миллиондаған веб-сайттардың ақпаратына қол жеткізуге болады. Осы тарауда берілген ақпарат әлеммен байланысуға көмектеседі.
Ұшу режимі пернесі Компьютерде «Ұшақ режимі» пернесі, бір немесе бірнеше сымсыз құрылғылар және бір немесе бірнеше сымсыз байланыс индикаторы бар. Компьютердегі сымсыз құрылғылардың барлығы зауытта іске қосылады. Сымсыз байланыс шамы жеке құрылғылардың емес, сымсыз құрылғылардың жалпы қуат күйін анықтайды. Амалдық жүйе басқару элементтері Желі және ортақ қолдану орталығы қосылымды немесе желіні орнатуға, желіге қосылуға, желі ақаулықтарын тексеруге және жөндеуге мүмкіндік береді.
ЕСКЕРТПЕ: Егер қосылғыңыз келетін WLAN жүйесі тізімде болмаса, мына әрекеттерді орындаңыз: 1. Тапсырмалар тақтасындағы желі күйінің белгішесін оң жақ түймешікпен басып, Открыть настройки сети и Интернета (Желі және Интернет параметрлерін ашу) опциясын таңдаңыз. – немесе – Тапсырмалар тақтасындағы желі күйінің белгішесін басып, Настройки сети и Интернета (Желі және Интернет параметрлері) опциясын таңдаңыз. 2.
НР Мобильді кең жолақты модулін пайдалану (тек таңдаулы өнімдерде) HP мобильді кең жолақты компьютеріңізде кең ауқымды мобильді қызметке қолдау көрсетілген. Жаңа компьютерді мобильді байланыс операторының желісімен пайдаланғанда, Wi-Fi жылдам қосылу нүктесінсіз Интернетке қосылу, электрондық пошта жіберу немесе корпоративтік желіге қосылу мүмкін болады. Мобильді байланыстың кең жолақты қызметін іске қосу үшін HP мобильді байланыстың кең жолақты желі модулінің IMEI және/немесе MEID нөмірі керек болуы мүмкін.
Bluetooth құрылғыларын қосу Bluetooth құрылғысын пайдаланбас бұрын Bluetooth қосылысын орнату қажет. 1. Тапсырмалар тақтасының іздеу терезесінде bluetooth сөзін теріп, Bluetooth и другие параметры устройства (Bluetooth және құрылғының басқа параметрлері) тармағын таңдаңыз. 2. Егер Bluetooth әлі қосылмаған болса, оны қосыңыз. 3.
4 Ойын-сауық мүмкіндіктерін пайдалану Веб-камера арқылы байланысу, музыканы тыңдау және басқару, бейнефильмдерді жүктеу және көру амалдарын орындау үшін HP компьютерін көңіл көтеру орталығы ретінде пайдаланыңыз. Компьютеріңізді бұдан да қуатты көңіл көтеру орталығына айналдыру үшін монитор, проектор, теледидар немесе үндеткіштер мен құлақаспаптар сияқты жоғары ажыратымдылықты сыртқы құрылғыларды жалғаңыз.
Құлақаспаптарды қосу АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жарақаттану қаупін азайту үшін құлақаспаптар, тығын тәріздес құлақаспаптар немесе гарнитураны киер алдында, дыбыс деңгейін төмендетіңіз. Қауіпсіздік туралы қосымша ақпарат алу үшін Қауіпсіздікке және қоршаған ортаға қойылатын талаптарға сәйкестік туралы ескертпелер нұсқаулығын қараңыз. Бұл құжатты ашу үшін: ▲ Тапсырмалар тақтасының іздеу өрісіне Документация НР (НР құжаттары) деп жазып, одан кейін Документация НР (НР құжаттары) опциясын таңдаңыз.
Бейнені пайдалану Бұл компьютер таңдаулы веб-сайттардағы ойнатылатын бейнені көруге және желіге қосылмаған компьютерден тамашалау үшін бейнелер мен фильмдерді жүктеп алуға мүмкіндік беретін қуатты бейне құрылғысы болып табылады. Көруге байланысты әрекеттеріңізді жақсарту мақсатында компьютерді сыртқы монитор, проектор немесе теледидарға қосу үшін бейне порттардың бірін пайдаланыңыз. МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Сыртқы құрылғының дұрыс кабель арқылы компьютердегі дұрыс ұяға қауіпсіз түрде жалғанғандығына көз жеткізіңіз.
ЕСКЕРТПЕ: Жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін, әсіресе Расширить (Кеңейту) опциясы таңдалған болса, сыртқы құрылғының экран ажыратымдылығын мына жолмен реттеңіз. Пуск (Бастау) түймешігін басыңыз, Параметры (Параметрлер) белгішесін , кейін Система (Жүйе) опциясын таңдаңыз. Дисплей астынан қажетті ажыратымдылық мәнін таңдаңыз, одан кейін Сохранить изменения (Өзгертулерді сақтау) опциясын таңдаңыз.
USB Type-C портына құрылғыларды жалғау (тек таңдаулы өнімдерде) ЕСКЕРТПЕ: USB Type-C құрылғысын компьютерге жалғау үшін бөлек сатылатын USB Type-C кабелі қажет болады. 1. USB Type-C кабелінің бір ұшын компьютердегі USB Type-C портына жалғаңыз. 2. Кабельдің екінші ұшын сыртқы құрылғыға жалғаңыз.
5 Экранда шарлау Компьютер үлгісіне байланысты компьютер экраны бойынша бір немесе бірнеше әдістер көмегімен жылжуға болады: ● Сенсорлы қимылдарды тікелей компьютер экранында пайдаланыңыз. ● Сенсорлы қимылдарды сенсорлы тақтада пайдаланыңыз. ● Қосымша тінтуірді немесе пернетақтаны (бөлек сатылады) пайдаланыңыз. ● Экрандағы пернетақтаны пайдаланыңыз. ● Меңзеу таяқшасын пайдаланыңыз.
Екі саусақ көмегімен масштабтау Екі саусақ көмегімен қысып масштабтау қимылдары суретті немесе мәтінді кішірейтуге немесе үлкейтуге мүмкіндік береді. ● Кішірейту үшін екі саусақты сенсорлы тақта аймағында немесе сенсорлы экранға арасын алшақ қойып, одан кейін олардың арасын жақындатыңыз. ● Үлкейту үшін екі саусақты сенсорлы тақта аймағында немесе сенсорлы экранда бірге қойып, олардың арасын ашыңыз.
Бұл қимылдың дәл сенсорлы тақтадағы функциясын өзгерту үшін Пуск (Бастау), Параметры (Параметрлер), Устройства (Құрылғылар) және Сенсорная панель (Сенсорлы тақта) тармағын таңдаңыз. Жесты тремя пальцами (Үш саусақ қимылдары) бөліміндегі Касания (Түрту) терезесінде қимыл параметрін таңдаңыз. Төрт саусақпен түрту (сенсорлы тақта және дәл сенсорлы тақта) Әдепкі бойынша төрт саусақпен түрту қимылы әрекет орталығын ашады. Қимылды орындау үшін сенсорлы тақтада төрт саусақпен түртіңіз.
● Ашық тұрған барлық терезелерді көру үшін 4 саусағыңызды өзіңізден сырғытыңыз. ● Жұмыс үстелін көрсету үшін 4 саусағыңызды өзіңізге қарай сырғытыңыз. ● Ашық жұмыс үстелдері арасында ауысу үшін 4 саусақпен сол немесе оң жаққа сырғытыңыз. Бұл қимылдың функциясын өзгерту үшін Пуск (Бастау), Параметры (Параметрлер), Устройства (Құрылғылар) және Сенсорная панель (Сенсорлы тақта) тармағын таңдаңыз.
Экрандық пернетақтаны пайдалану (тек таңдаулы өнімдерде) 1. Экрандық пернетақтаны көрсету үшін тапсырмалар тақтасының оң жақ шетінде орналасқан хабарландыру аймағындағы пернетақта белгішесін түртіңіз. 2. Теруді бастаңыз. ЕСКЕРТПЕ: Экрандық пернетақтаның үстіңгі жағында сөздер мысалдары ұсынылуы мүмкін. Сөзді таңдау үшін оны түртіңіз. ЕСКЕРТПЕ: Әрекеттер пернелері және жылдам пернелер экрандық пернетақтада көрсетілмейді және жұмыс істемейді.
6 Қуат басқару Бұл компьютер батарея қуатымен немесе сыртқы қуат көзіне қосу арқылы жұмыс істейді. Компьютер батарея қуатымен жұмыс істеп, батареяны зарядтау үшін сыртқы қуат көзі қолжетімді болмаған кезде, батарея зарядын бақылау және үнемдеу маңызды. Осы тарауда сипатталған кейбір қуатты басқару мүмкіндіктері компьютеріңізде қолжетімді болмауы мүмкін. Ұйқы және гибернация режимін пайдалану МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Компьютер Ұйқы режимінде болғанда, оның бірнеше осал тараптары болады.
Компьютер ұйқы режимінен шыққанда, жұмысыңыз экранға оралады. ЕСКЕРТПЕ: Егер, ұйқы режимінен шыққан кезде, құпия сөз сұралатын етіп орнатылған болса, жұмысты жалғастыру үшін Windows құпия сөзіңізді енгізу қажет болады. Күту режимін іске қосу және шығу (тек таңдаулы өнімдерде) Пайдаланушы арқылы қосылатын гибернация күйін қосу және басқа қуат параметрлері мен күту үзілістерін өзгерту үшін «Қуат параметрлері» пәрменін пайдаланыңыз. 1.
Компьютер пайдаланылмаған және сыртқы қуат көзінен ұзақ уақыт бойы ажыратылған кезде, оның жұмысын аяқтаңыз. Ұсынылатын рәсім Windows жүйесінің жұмысты аяқтау пәрменін пайдалану болып табылады. ЕСКЕРТПЕ: Компьютер ұйқылық режимде немесе гибернация күйінде болғанда, қуат түймешігін басып қалу арқылы ұйқылық режимнен немесе гибернация күйінен шығу қажет. 1. Жұмысыңызды сақтап, барлық ашық бағдарламаларды жабыңыз. 2.
ЕСКЕРТПЕ: Кейбір компьютер өнімдері батарея зарядын сақтау үшін графика контроллерлері арасында ауыса алады. HP Жылдам зарядтау мүмкіндігін (тек таңдаулы өнімдерде) пайдалану HP Жылдам зарядтау мүмкіндігі арқылы компьютердегі батареяны жылдам зарядтауға болады. Зарядтау уақыты ±10%-ға дейін өзгеруі мүмкін. Батареяның қалған заряды 0 мен 50% аралығында болса, компьютер үлгісіне байланысты батарея толық қуаттылығының 50% мөлшеріне дейін ең көбі 30-45 минутта зарядталады.
Төмен батарея деңгейлерін анықтау Компьютердің жалғыз қуат көзі болатын батарея заряды төмен батарея деңгейіне жеткенде, батарея шамы жыпылықтайды: ● Батарея шамы (тек таңдаулы өнімдерде) батарея зарядының төмен немесе тым төмен деңгейін көрсетеді. – немесе – ● Қуат белгішесі төмен немесе өте төмен заряд деңгейі туралы хабарландыру береді. ЕСКЕРТПЕ: Қуат белгішесі туралы қосымша ақпарат алу үшін Қуат белгішесін және Қуат параметрлерін пайдалану (33-бет) бөлімін қараңыз.
батареяны ауыстыру керектігі HP Battery Check (HP Батарея тексеру) бағдарламасы арқылы анықталған болса, HP қолдау қызметімен хабарласыңыз. Осы құрылғыдағы батареяны (батареяларды) пайдаланушы арқылы оңай ауыстыруға болмайды. Батареяны алу немесе ауыстыру кепілдік күшіне әсер етуі мүмкін. Егер батареяның заряды тез бітетін болса, қолдау қызметімен хабарласыңыз.
7 Компьютерге техникалық қызмет көрсету Компьютерді оңтайлы күйде сақтау үшін оған жүйелі түрде техникалық қызмет көрсетіліп тұруы тиіс. Бұл тарауда дискіні дефрагментациялау және дискіні тазалау құралдарын пайдалану жолдары түсіндіріледі. Сонымен қатар бағдарламалар мен драйверлерді жаңарту нұсқаулары, компьютерді тазалау жөнінде қадамдар және компьютерді сапарға алып шығуға (немесе оны тасымалдауға) арналған кеңестер қамтамасыз етіледі.
HP 3D DriveGuard бағдарламасын (тек таңдаулы өнімдерде) пайдалану Төмендегі жағдайлардың біреуі орын алса, HP 3D DriveGuard бағдарламасы дискіні өшіру және дерек сұрауларын тоқтату арқылы қатты дискіні қорғайды. ● Сіз компьютеріңізді құлатып алдыңыз. ● Батарея қуатынан қосылып тұрған компьютерді оның дисплейі жабулы күйінде жылжытасыз. Мына оқиғалардың біреуі аяқталғаннан кейінгі қысқа мерзімде HP 3D DriveGuard қатты дискіні қалыпты жұмыс жағдайына қайтарады.
1. Пуск (Бастау) опциясын, кейін Microsoft Store опциясын таңдаңыз. 2. Іздеу жолағының жанындағы есептік жазба профилі суретін таңдап, Загрузки и обновления (Жүктеулер мен жаңартулар) опциясын таңдаңыз. 3. Загрузки и обновления (Жүктеулер мен жаңартулар) бетінде жаңартулар үшін таңдау жасаңыз және экрандағы нұсқауларды орындаңыз. Драйверлерді жаңарту үшін 1.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Тазалағыш заттың компьютер үшін қауіпсіз болғанына сенімді болмасаңыз, мына ингредиенттердің өнім құрамында жоқ екенін тексеріңіз: ● спирт; ● ацетон; ● аммоний хлориді; ● метиленхлорид; ● көмірсутектер; ● бензин немесе сұйылтқыш сияқты ешбір мұнай негізінде жасалған қандай да бір тазалағыш зат. ЕСКЕРТПЕ: 3. Компьютер толығымен құрғақ болғанша, оны жаппаңыз. Беткейі құрғақ кезде: а. Айнымалы ток көзіне қосыңыз. ә. Токқа қосылатын сыртқы құрылғылардың барлығын жалғаңыз. б.
Ағаш беткейге күтім көрсету (тек таңдаулы өнімдерде) Құрылғыңыздың беткейі жоғары сапалы ағаш бет болуы мүмкін. Табиғи ағаш өнімдер болса, оларды пайдалану барысында жақсы нәтиже үшін оларға дұрыс күтім көрсету және дұрыс пайдалану өте маңызды. Табиғи ағаштың табиғатына байланысты оның беткейі бірегей және түсі өзгешелеу болуы мүмкін. Бұл – қалыпты жағдай. ● Ағаш беткейді жұмсақ, антистатикалық микроталшық матамен немесе күдерімен тазалаңыз.
шектеулер болуы мүмкін. Егер компьютердегі сымсыз байланыс құрылғысын қолдану бойынша саясатты нақты білмесеңіз, компьютерді іске қосудан бұрын, рұқсат сұраңыз. ● Егер халықаралық сапарларға шығатын болсаңыз, мына ұсыныстарды орындаңыз: – Өзіңіз баратын әр елдің/аймақтың компьютерге қатысты кедендік ережелерін тексеріңіз. – Компьютерді қолдануды жоспарлайтын әрбір орындағы қуат сымы мен адаптері бойынша қойылатын талаптарды тексеріңіз. Кернеу, жиілік және қосу параметрлері әртүрлі болуы мүмкін.
8 Компьютер мен ақпаратты қорғау Компьютер қауіпсіздігі ақпараттың құпиялылығы, сенімділігі мен қолжетімділігін қорғау үшін өте маңызды. Windows амалдық жүйесі, HP бағдарламалары, Setup Utility (BIOS) құралы және басқа үшінші тарап бағдарламалық құралдары қамтамасыз ететін стандартты қауіпсіздік шешімдері компьютерді вирустар, «құрттар» сияқты түрлі қауіп-қатерлерден және зиян келтіретін код түрлерінен қорғауға көмектесе алады.
Кесте 8-1 Windows жүйесінде қолданылатын құпия сөздері және олардың функциялары (жалғасы) Құпиясөз Қызмет ЕСКЕРТПЕ: Осы құпиясөз арқылы Setup Utility (BIOS) мазмұнына кіру мүмкін емес. Setup Utility (BIOS) құпия сөздерін орнату Кесте 8-2 BIOS құпия сөздері және олардың функциялары Құпия сөз Қызмет Әкімші құпия сөзі ● Оны Setup Utility (BIOS) құралына кірген сайын енгізу қажет. ● Әкімші құпия сөзін ұмытып қалған жағдайда, Setup Utility (BIOS) утилитасына кіру мүмкін болмайды.
ЕСКЕРТПЕ: басыңыз. Тармақтарды таңдау үшін көрсеткі пернелерін пайдаланып жатсаңыз, enter пернесін Өзгертулер компьютер қайта іске қосылған кезде күшіне енеді. Windows Hello мүмкіндігін пайдалану (тек таңдаулы өнімдерде) Саусақ ізін оқу құрылғысымен немесе қосымша инфрақызыл камерамен жабдықталған өнімдерде Microsoft Hello мүмкіндігі көмегімен жүйеге саусақты сырғыту немесе камераға қарау арқылы кіруге болады. Windows Hello орнату үшін 1.
Компьютер вирустары туралы қосымша ақпаратты алу үшін тапсырмалар тақтасының іздеу жолағында поддержка (қолдау) сөзін жазып, HP Support Assistant бағдарламасын таңдаңыз. – немесе – Тапсырмалар тақтасындағы сұрау белгісінің белгішесін басыңыз. Желіаралық қалқан бағдарламалық құралын пайдалану Желіаралық қалқан жүйені немесе желіні рұқсатсыз пайдаланудан қорғау үшін жасалған.
Сымсыз желіні қорғау Желіні рұқсатсыз кіруден қорғау үшін WLAN жүйесін орнатқан немесе бар болған WLAN жүйесіне кірген кезде, әрқашан қауіпсіздік мүмкіндіктерін қосыңыз. Қоғамдық аймақтар немесе кофеханалар және әуежайлар сияқты адамдар көп аймақтар ешқандай қауіпсіздікті қамтамасыз етпейді.
9 Setup Utility (BIOS) утилитасын пайдалану Setup Utility немесе BIOS (Basic Input/Output System) жүйедегі бүкіл кіріс және шығыс құрылғыларының (мысалы, диск жетектері, монитор, пернетақта, тінтуір және принтер) арасындағы байланысты басқарады. Setup Utility (BIOS) ішінде орнатылған құрылғылардың параметрлері, компьютердің жүктелу реті және жүйе мен кеңейтілген жадтың көлемі қамтылған.
● 1. Setup Utility (BIOS) қолданбасын қосыңыз (Setup Utility (BIOS) утилитасын бастау (48-бет) бөлімін қараңыз). 2. Main (Негізгі) параметрін таңдап, BIOS нұсқасын жазып алыңыз. 3. Exit (Шығу) тармағын, одан кейін опциялардың біреуін таңдаңыз да, экрандағы нұсқауларды орындаңыз. Windows жүйесінде ctrl+alt+s пернелер тіркесімін басыңыз. Кейінгі BIOS нұсқаларын тексеру үшін BIOS жаңартуын жүктеп алу (49-бет) бөлімін қараңыз.
3. Алдында жазып алған қатты дискінің жолы арқылы құрамында жаңарту бар қалтаны ашыңыз. 4. .exe кеңейтімі бар файлды екі рет басыңыз (мысалы, файл атауы.exe). BIOS орнатылуы басталады. 5. Экрандағы нұсқауларды орындау арқылы орнатуды аяқтаңыз. ЕСКЕРТПЕ: Орнату сәтті аяқталды сияқты хабар экранға шығарылғаннан кейін жүктелген файлды қатты дискіден жоюға болады.
10 HP PC Hardware Diagnostics пайдалану HP PC Hardware Diagnostics Windows (тек таңдаулы өнімдерде) пайдалану HP PC Hardware Diagnostics Windows – компьютердің аппараттық құралдарының дұрыс жұмыс істейтінін анықтау үшін диагностикалық сынақтарды жүргізуге мүмкіндік беретін Windows операциялық жүйесіне негізделген бағдарламалық құрал. Құрал Windows операциялық жүйесінде аппараттық құралдың ақаулықтарын тексеру үшін қолданылады.
HP PC Hardware Diagnostics Windows жүктеп алу ● HP PC Hardware Diagnostics Windows құралын жүктеу жөнінде нұсқаулар ағылшын тілінде ғана беріледі. ● Файлдар .exe пішімінде берілгендіктен, бұл құралды жүктеп алу үшін Windows компьютерін пайдалану қажет. HP PC Hardware Diagnostics Windows құралының ең соңғы нұсқасын жүктеп алу HP PC Hardware Diagnostics Windows бағдарламасын жүктеп алу үшін келесі қадамдарды орындаңыз: 1. http://www.hp.com/go/techcenter/pcdiags веб-сайтына өтіңіз.
HP PC Hardware Diagnostics UEFI пайдалану ЕСКЕРТПЕ: Windows 10 S компьютерін пайдаланғанда, HP UEFI қолдау ортасын жүктеу және жасау үшін тек .exe пішіміндегі файлдар қолданылғандықтан, Windows компьютері мен USB флэш-жадын пайдалану қажет. Қосымша ақпаратты HP PC Hardware Diagnostics UEFI құралын USB флэш-жады дискісіне жүктеу (54-бет) бөлімінен қараңыз.
HP PC Hardware Diagnostics UEFI құралын USB флэш-жады дискісіне жүктеу USB флэш-жады дискісіне жүктелген HP PC Hardware Diagnostics UEFI құралы келесі жағдайларда пайдалы болады: ● HP PC Hardware Diagnostics UEFI алдын-ала орнатылған кескінде жоқ. ● HP PC Hardware Diagnostics UEFI HP Tool бөлімінде қамтылмаған кезде. ● Қатты диск зақымдалған кезде. ЕСКЕРТПЕ: HP PC Hardware Diagnostics UEFI құралын жүктеп алу жөнінде нұсқаулар ағылшын тілінде ғана беріледі.
Remote HP PC Hardware Diagnostics UEFI құралының ең соңғы нұсқасын жүктеп алу Remote HP PC Hardware Diagnostics UEFI құралының ең соңғы нұсқасын жүктеп алу үшін келесі қадамдарды орындаңыз: 1. http://www.hp.com/go/techcenter/pcdiags веб-сайтына өтіңіз. HP PC Diagnostics қызметінің басты беті көрсетіледі. 2. Download Remote Diagnostics (Қашықтан диагностикалау құралын жүктеу) опциясын таңдаңыз, содан кейін Запустить (Орындау) түймешігін басыңыз.
11 Сақтық көшірме жасау, алдыңғы күйіне қайтару және қалпына келтіру Бұл тарауда бар келесі процестер туралы ақпарат беріледі. Бұл өнімдердің көпшілігі үшін қолданылатын стандартты процедура: ● Жеке ақпараттың сақтық көшірмесін жасау: жеке мәліметтердің сақтық көшірмесін жасау үшін Windows құралдарын пайдалануға болады (Windows құралдарын пайдалану (56-бет) бөлімін қараңыз).
ЕСКЕРТПЕ: Техническая поддержка (Анықтама алу) бағдарламасын ашу үшін Интернетке қосылуыңыз қажет. HP Cloud Recovery Download Tool құралын қалпына келтіру нұсқасын жасау үшін (тек таңдаулы өнімдерде) пайдалану HP қалпына келтіру медиа құралын жүктелетін USB флэш-жадында жасау үшін HP Cloud Recovery Download Tool құралын пайдалануға болады. Мәлімет алу үшін: ▲ http://www.hp.
1. HP қалпына келтіру медиа құралын енгізіңіз. 2. Жүйенің Запуск (Іске қосу) мәзірін ашыңыз. Пернетақталар тіркелген компьютерлер немесе планшеттерді пайдалану кезінде: ▲ Жүктеу опцияларын көрсету үшін, компьютер немесе планшетті қосыңыз немесе өшіріп қайта бастаңыз да, esc пернесін тез басып қалып, f9 пернесін басыңыз.
12 Техникалық сипаттамасы Тұтынылатын қуат Егер сіз компьютерді алып, халықаралық саяхат жасауды жоспарласаңыз, осы бөлімде берілген қуат туралы ақпарат пайдалы болуы мүмкін. Компьютер айнымалы немесе тұрақты ток көзінен келетін тұрақты ток арқылы жұмыс істейді. Айнымалы ток көзі 100–240 В, 50–60 Гц шамасында болуы керек. Компьютер бөлек тұрақты ток көзінен жұмыс жасаса да, ол тек НР компаниясы берген және осы компьютерге қолдану үшін ұсынған айнымалы ток адаптері немесе тұрақты ток көзіне қосылуы керек.
Кесте 12-1 ТТ қуат сипаттамалары (жалғасы) Тұтынылатын қуат Мөлшер 16,92 A – 330 Вт қуатында тұрақты ток – 19,5 В Сыртқы НР қуат беру құралының тұрақты ток ашасы (тек таңдаулы үлгілерде) ЕСКЕРТПЕ: Бұл құрылғы Норвегиядағы фазааралық кернеуінің орташа квадраттық мәні 240 В-тан аспайтын ақпараттық технологиялар электр жүйелеріне арналған.
13 Электрстатикалық разряд Электростатикалық ток соғу — екі зат қатынасқа түскен кезде статикалық электр тогының соғуы, мысалы, кілем үстінде тұрып есіктің темір тұтқасын ұстағаннан болатын ток соғу. Саусақтар немесе басқа электростатикалық разряд өткізгіштерінен шығатын статикалық электр қуатының разряды электрондық бөліктерге зақым келтіруі мүмкін.
14 Арнайы мүмкіндіктер HP және арнайы мүмкіндіктер HP алуан түрлілікті, қатыстыруды және жұмысты/өмірді компанияның құрылымына енгізу бойынша жұмыс істеуде, сондықтан бұл компанияның әрбір әрекетінде көрінеді. НР компаниясы адамдарды дүние жүзіндегі технология қуатына қосуға негізделген инклюзивті ортаны жасауға тырысады. Арнайы мүмкіндіктерге арналған қажетті құралдарды табу Технологиялар адам әлеуетін жүзеге асыра алады.
Халықаралық арнайы мүмкіндіктер жөніндегі білікті мамандар бірлестігі (IAAP) IAAP — желі, білім беру және куәландыру арқылы арнайы мүмкіндіктер жөніндегі мамандықты жетілдіруге негізделген коммерциялық емес бірлестік. Мақсаты – арнайы мүмкіндіктер жөніндегі білікті мамандарға мансаптарын жетілдіруге және дамытуға, сондай-ақ ұйымдарға арнайы мүмкіндіктерді өнімдері мен инфрақұрылымына жақсырақ ендіруге көмектесу.
● HP SlateBook компьютерлері – Арнайы мүмкіндіктерді қосу (Android 4.3,4.2/Jelly Bean) ● HP Chromebook компьютерлері – HP Chromebook немесе Chromebox (Chrome OS) құрылғысында арнайы мүмкіндіктерді қосу ● HP Shopping – HP өнімдеріне арналған перифериялық құрылғылар HP өніміңіздегі арнайы мүмкіндіктер туралы қосымша қолдау қажет болса, ақпаратты Қолдау қызметіне хабарласу (66-бет) бөлімінен қараңыз.
● Түсіндіру (мысалы, суреттерге мәтін баламаларын, дыбыстарға жазуларды, көрмелерге бейнелеуді және түсті контрастты қолдану арқылы) ● Жұмысқа бейімдеу (пернетақтаға қолжетімділікті, түс контастын, енгізу уақытын, бас тартуды және жылжу мүмкіндігін игеруді реттеу арқылы) ● Түсінікті (оқу, болжау және енгізу көмекші құралдарын реттеу арқылы) ● Тұрақты (мысалы, көмекші технологиялармен үйлесімділікті реттеу арқылы) Заңдар мен ережелер Ақпараттық технологияларға және ақпаратқа қолжетімділік заңды маңыз
Білім беру институттары ● Калифорния мемлекеттік университеті, Нортридж, мүмкіндіктері шектеулі адамдардың орталығы (CSUN) ● Висконсин - Мэдисон университеті, салдарды іздеу орталығы ● Компьютерге бейімделу бағдарламасы бойынша Миннесота университеті Шектеулі мүмкіндіктер туралы басқа да ресурстар ● ADA (АҚШ-тағы мүмкіндіктері шектеулі азаматтардың құқықтарын қорғау туралы заң) техникалық көмекші бағдарлама ● Халықаралық еңбек ұйымының Кәсіпкерлік пен мүгедектік мәселелері бойынша жаһандық желісі
Индекс Таңбалар/Сандар «Windows 10 жүйесінде анықтама алу» әрекет пернесі 13 508-бөлімнің арнайы мүмкіндіктер стандарттары 64 А ағаш беткейге күтім көрсету 41 ажыратымдылығы жоғары құрылғылар, жалғау 23, 24 Айнымалы ток адаптері және батарея индикаторы, анықтау 5 алдыңғы күйге қайтару 56 АМ (арнайы мүмкіндіктер): мақсаты 62 табу 63 амалдық жүйе басқару элементтері 17 арнайы мүмкіндіктер 62 арнайы мүмкіндіктер (АМ) мақсаты 62 табу 63 арнайы мүмкіндіктер бағалауды қажет етеді 63 Арнайы мүмкіндіктер туралы HP
дыбыс параметрлері, пайдалану 22 дыбысты өшіру индикаторы, анықтау 10 дыбысын өшіру әрекет пернесі 13 Е екі саусақпен қысып масштабтау – сенсорлы тақта және сенсорлы экран қимылы 27 ең жақсы тәжірибе 1 Ж жабдық, табу 4 жапсырмалар Bluetooth 15 WLAN 15 қызмет 14 нормативтік 15 сериялық нөмір 15 сымсыз куәлік 15 жауапсыз жүйе 32 желдеткіш саңылаулар, анықтау 6, 14 желіаралық қалқан бағдарламалық құралы 46 желіге қосылу 16 жұмыс ортасы 60 жұмысты аяқтау 32 жүйені қалпына келтіру нүктелері, жасау 56 жүктелу рет
пернетақтаны және қосымша тінтуірді пайдалану 29 порттар HDMI 5, 23 USB SuperSpeed 5, 6 USB Type-C 5, 25 Р ресурстар, арнайы мүмкіндіктер 65 С сақтық көшірме, жасау 56 сақтық көшірмелер 56 саусақ іздері, тіркеу 45 саусақ ізін оқу құрылғысы, анықтау 11 сенсорлы тақта пайдалану 26 параметрлер 9 сенсорлы тақта аймағы, анықтау 9 сенсорлы тақтадағы/сенсорлы экрандағы түрту қимылы 26 сенсорлы тақтадан екі саусақты сырғыту қимылы 27 сенсорлы тақта және сенсорлы экран қимылдары екі саусақ көмегімен масштабтау 27 тү
HP Easy Clean бағдарламасын пайдалану 39 HP PC Hardware Diagnostics UEFI бастау 53 жүктеу 54 пайдалану 53 HP PC Hardware Diagnostics Windows жүктеу 52 орнату 52 пайдалану 51 HP Recovery Manager жүктеу мәселелерін шешу 57 HP Recovery құралы қалпына келтіру 57 HP Sure Recover 58 HP Touchpoint Manager 46 HP Жылдам зарядтау мүмкіндігі 34 HP ресурстары 2 HP ұялы мобильді кең жолақты IMEI нөмірі 19 MEID нөмірі 19 белсендіру 19 I IMEI нөмірі 19 L LAN желісіне қосылу 20 M MEID нөмірі 19 Miracast 24 R Remote HP PC H