User's Guide

Кесте 2-1 Оң жақтағы бөліктер және олардың сипаттамалары (жалғасы)
Бөлік Сипаттама
Өшірулі: батарея зарядталмайды.
(7) Қуат ұясы Айнымалы ток адаптеріне қосылады.
Сол жақ
Кесте 2-2 Сол жағындағы бөліктер және олардың сипаттамалары
Бөлік Сипаттама
(1) USB SuperSpeed порты Ұялы телефон, камера, белсенділік трекері немесе смарт
сағат сияқты USB құрылғысын жалғап, деректерді жоғары
жылдамдықпен беруді қамтамасыз етеді.
(2) Біріктірілген аудио шығыс (құлақаспап
үшін)/аудио кіріс (микрофон үшін) ұясы
Токқа қосылатын қосымша стерео үндеткіштер,
құлақаспаптар, тығын тәріздес құлақаспаптар, гарнитура
немесе теледидар дыбыс кабелі қосылады. Сонымен қатар
қосымша гарнитура микрофонын қосады. Бұл ұяға қосымша
автономды микрофонды жалғауға болмайды.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жарақаттану қаупін азайту үшін
құлақаспаптар, тығын тәріздес құлақаспап немесе
гарнитураны киер алдында, дыбыс деңгейін реттеңіз.
Қауіпсіздік туралы қосымша ақпарат алу үшін Қауіпсіздікке
және қоршаған ортаға қойылатын талаптарға сәйкестік
туралы ескертпелер нұсқаулығын қараңыз.
Бұл нұсқаулықты пайдалану үшін:
Тапсырмалар тақтасының іздеу өрісіне
Документация НР (НР құжаттары) деп жазып, одан
кейін Документация НР (НР құжаттары) опциясын
таңдаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Құрылғы ұяға қосылған кезде, компьютер
үндеткіштері ажыратылады.
(3) Желдеткіш саңылау Ішкі бөліктерді салқындату үшін ауа ағынын қосады.
ЕСКЕРТПЕ: Компьютер желдеткіші ішкі бөліктерді
салқындату үшін және қызып кетуден қорғау үшін
автоматты түрде қосылады. Жұмыс барысында
желдеткіштің біресе қосылып, біресе өшіп отыруы –
қалыпты жағдай.
(4) Қуат түймесі Компьютер өшірулі болғанда, оны қосу үшін түймені
басыңыз.
6 2-тарау Компьютермен танысу