User's Guide
Кесте 2-6 Түймешік, желдеткіш, үндеткіштер және олардың сипаттамалары (жалғасы)
Бөлік Сипаттама
ЕСКЕРТПЕ: Компьютер желдеткіші ішкі бөліктерді
салқындату үшін және қызып кетуден қорғау үшін
автоматты түрде қосылады. Жұмыс барысында
желдеткіштің біресе қосылып, біресе өшіп отыруы –
қалыпты жағдай.
(3) Үндеткіштер (2) Дыбыс шығарады.
Арнайы пернелер
Кесте 2-7 Арнайы пернелер және олардың сипаттамалары
Бөлік Сипаттама
(1) esc пернесі fn пернесімен бірге басылған кезде жүйе ақпараты
көрсетіледі.
(2) fn пернесі Басқа пернемен бірге басылған кезде белгілі бір
функцияларды орындайды.
(3) Windows пернесі Пуск (Бастау) мәзірін ашады.
ЕСКЕРТПЕ: Windows пернесін қайта бассаңыз, Пуск (Бастау)
мәзірі жабылады.
(4) Әрекет пернелері Жиі қолданылатын жүйелік функцияларды орындайды.
Әрекет пернелері (11-бет) бөлімін қараңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Таңдаулы құрылғылар үлгілерінде fn+f5 әрекет
пернесі арқылы пернетақта жарықтандырғышы өшіріледі
немесе қосылады.
Әрекет пернелері
Компьютердегі әрекет пернелері арнайы функцияларды орындайды және бұл пернелер компьютерге
байланысты әртүрлі болуы мүмкін. Компьютерде пернелердің қайсысы бар екенін анықтау үшін
пернетақтадағы белгішелерге қарап, оларды кестеде берілген сипаттамалармен сәйкестендіріңіз.
Пернетақта аумағы 11










