User's Guide
Кесте 2-8 Әрекет пернелері және олардың сипаттамалары (жалғасы)
Белгіше Сипаттама
Үндеткіш дыбысын өшіреді немесе қайта қосады.
Микрофонды өшіреді.
Сенсорлы тақтаны қосады немесе өшіреді.
Ұшақ режимін және сымсыз байланыс мүмкіндігін қосады немесе ажыратады.
ЕСКЕРТПЕ: Ұшақ режимі пернесі де сымсыз байланыс түймешігі деп саналады.
ЕСКЕРТПЕ: Сымсыз байланысты орнатудан бұрын, сымсыз желі де орнатылуы қажет.
Астыңғы жағы
Кесте 2-9 Астыңғы құрамдас бөлшек және оның сипаттамасы
Бөлік Сипаттама
Желдеткіш тесік Ішкі бөліктерді салқындату үшін ауа ағынын қосады.
ЕСКЕРТПЕ: Компьютер желдеткіші ішкі бөліктерді салқындату
үшін және қызып кетуден қорғау үшін автоматты түрде
қосылады. Жұмыс барысында желдеткіштің біресе қосылып,
біресе өшіп отыруы – қалыпты жағдай.
Жапсырмалар
Компьютерге бекітілген жапсырмалар жүйе ақаулықтарын жою кезінде немесе компьютермен
саяхатқа шыққанда қажет болуы мүмкін ақпаратты береді. Жапсырмалар қағаз пішінде немесе өнімде
басылған күйінде болуы мүмкін.
Астыңғы жағы 13










