User's Guide
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Осы бөлімде сипатталған жапсырмалар туралы ақпаратты алу үшін келесі
орындарға қараңыз: компьютердің астыңғы жағында, батарея ұясында, қызмет көрсету есігінің
астында, дисплейдің артында немесе планшеттің қайырмалы тірегінің астыңғы жағында.
● Қызмет көрсету жапсырмасы—компьютерді анықтау үшін маңызды ақпаратты береді. Қолдау
қызметімен хабарласу кезінде сериялық нөмір, өнім нөмірі немесе модель нөмірі сұралуы мүмкін.
Қолдау қызметімен хабарласпас бұрын, бұл ақпаратты табыңыз.
Қызмет көрсету жапсырмасы төменде көрсетілген үлгілердің біріне ұқсас болады. Компьютердегі
қызмет көрсету жапсырмасына ең ұқсас суретті қараңыз.
Кесте 2-10 Қызмет көрсету жапсырмасының құрамдас бөлшектері
Бөлік
(1) HP өнімінің атауы
(2) Модель нөмірі
(3) Өнім коды
(4) Сериялық нөмір
(5) Кепілдік күшінің мерзімі
Кесте 2-11 Қызмет көрсету жапсырмасының құрамдас бөлшектері
Бөлік
(1) HP өнімінің атауы
(2) Өнім коды
(3) Сериялық нөмір
(4) Кепілдік күшінің мерзімі
● Нормативтік ақпараты бар жапсырма(лар): компьютер туралы заңдық ақпаратты береді.
● Сымсыз куәландыру белгісі(лері): қосымша сымсыз құрылғылар туралы ақпаратты және осы
құрылғылардың қолданылуы мақұлданған елдер немесе аймақтардың мақұлдау таңбаларын
қамтамасыз етеді.
14 2-тарау Компьютермен танысу










