Safety and Environmental Compliance Notes User's Guide

2 Қауіпсіздік туралы ескертулер
Өнім құжаттарында қауіпсіздік туралы мына ескертулердің бірі не бірнешеуі қажет болуы мүмкін.
Қауіпсіздік туралы маңызды ақпарат
Бұл ескертпелер көптеген өнімдерге қатысты қолданылады.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Адамға қатты жарақат келтіру қатерін азайту үшін Қауіпсіз және қолайлы жұмыс
жасау нұсқаулығын оқыңыз. Мұнда компьютер пайдаланушылары үшін компьютерді қосу және
жұмыс орнын дұрыс реттеу жолдары, денсаулық сақтау шаралары және компьютермен жұмыс істеу
ережелері сипатталады және механикалық жабдықтармен жұмыс істегенде қадағаланатын қауіпсіздік
ережелері беріледі. Бұл нұсқаулық http://www.hp.com/ergo веб-бетінде және өніммен бірге
қамтамасыз етілген құжаттар ықшам дискісінде орналасады.
Компьютер ауыр болуы мүмкін; оны жылжыту кезінде эргономикалық жағынан дұрыс көтеру
тәсілдерін пайдалану қажет.
Компьютерді айнымалы ток розеткасына жақын жерге орнатыңыз. Компьютердің айнымалы ток сымы
құрылғыны қуат көзінен ажыратуға арналған жалғыз құралы болып табылады және оған әрдайым
қол оңай жетуі қажет
. Егер компьютер жинағына кіретін қуат сымында жерге тұйықталған аша болса,
ток соғу қаупін азайту үшін қуат сымын әрдайым жерге дұрыс қосылған айнымалы ток розеткасына
жалғаңыз.
Телефон желісінен ток соғу қаупін азайту үшін компьютерді телефон желісіне жалғамас бұрын оны
айнымалы ток розеткасына қосыңыз. Сонымен қатар компьютердің қуат сымын айнымалы ток
розеткасынан суырмас бұрын телефон желісінен ажыратыңыз.
Компьютер қақпағын орнату немесе орнына салу алдында модем сымын телефон желісінен
ажыратыңыз.
Қақпағы алынған компьютерді пайдаланбаңыз.
Қауіпсіздігіңізді қамтамасыз ету үшін кез келген сервистік қызмет көрсетпес бұрын, компьютерді қуат
көзінен және телекоммуникациялық желілерден (мысалы, телефон желісі) ажыратыңыз. Бұл
нұсқауларды орындамау жарақаттануға немесе жабдық зақымдануына әкелуі мүмкін. Өнімнің қуат
беру бөліктері мен модемінде қауіпті ток кернеуінің деңгейлері бар.
Қауіпсіздік шарасы ретінде жүйе қуаты арнайы конфигурация мүмкіндіктерінен артық жүктелген
болса, жүйенің кейбір USB порттарын уақытша ажыратуы мүмкін.
14 2-тарау Қауіпсіздік туралы ескертулер