Safety and Environmental Compliance Notes User's Guide

мамырда шығарылған Лазер туралы № 56-шы хабарламаға сәйкес күшке енген ауытқулардан басқа
нормаларға сай келеді.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Лазерлі құрылғыларды орнату нұсқаулығында немесе осы нұсқаулықта
көрсетілмеген орнатулар немесе басқа үрдістерді орындау қатерлі сәулелендіруді тудыруы мүмкін.
Қатерлі сәулелендіру қатерін төмендету үшін:
Құрылғы модулін ашуға талпынбаңыз. Онда пайдаланушыға қызмет көрсететін құрамдастар
жоқ.
Осы нұсқаулықта көрсетілмеген лазерлі құрылғыны қадағалау, жөндеу және орнату үрдістерін
орындамаңыз.
Тек қана НР компаниясының рұқсатына ие болған білікті мамандарға құрылғыны жөндеуге
рұқсат етіледі.
Қуат беру және қуат сымы жинағының талаптары
Түрлі елдерде қуат беру құралдарына және қуат сымдарына қатысты әртүрлі талаптар қойылады.
Қуат берудің жерге қосу I сыныбы талаптары
Қысқа тұйықталу тогынан қорғау үшін, жабдық жерге қосылған түйіспеге жалғануы тиіс. Құрылғының
қуат сымын жерге қосылған айнымалы ток розеткасына жалғаңыз. Ауыстырылған сымдар қысқа
тұйықталу тогынан қорғай алмауы мүмкін. Осы өніммен бірге қамтамасыз етілетін немесе HP Inc.
компаниясы рұқсат еткен қосалқы қуат сымын ғана пайдаланыңыз.
Бразилияға арналған ескертпе
Este equipamento deve ser conectado obrigatoriamente em tomada de rede de energia elétrica que possua
aterramento (três pinos), conforme a norma nbr abnt 5410,visando a segurança dos usuários contra choques
elétricos.
Дания
Apparatets stikprop skal tilsluttes en stikkontakt med jord, som giver forbindelse til stikproppens jord.
Финляндия
Laite on liitettävä suojakoskettimilla varustettuun pistorasiaan.
Норвегия
Apparatet må tilkoples jordet stikkontakt.
Швеция
Apparaten skall anslutas till jordat uttag.
Қуат беру талаптары
Кейбір құрылғылардың қуат беру блоктарында сыртқы қуатты ауыстырып қосқыштар бар.
Құрылғыда кернеуді таңдап қосу функциясы 100–127 В немесе 200–240 В арасындағы айнымалы
токта жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Сыртқы қуатты ауыстырып қосқышы жоқ құрылғының қуат
беру блогы кіріс кернеуді сезетін және қажет кернеуге автоматты ауыстырып қосылатын ішкі электр
схемасымен жабдықталады.
18 2-тарау Қауіпсіздік туралы ескертулер