Safety and Environmental Compliance Notes User's Guide

1 Құқықтық нормаларға сәйкестік
Бұл тарауда арнайы сымды және сымсыз байланыстағы мемлекеттік, аймақтық құқықтық нормаларға
және компьютер өнімдерінің техникалық сипаттарына арналған сәйкестік туралы мәліметтер беріледі.
Ескертпелердің кейбірі бұл өнімге қатысты қолданылмауы мүмкін.
Бір немесе бірнеше бекітілген сымсыз құрылғылар орнатылуы мүмкін. Кейбір орталарда сымсыз
құрылғыларды қолдану шектеулі болуы мүмкін
. Бұл шектеулер ұшақ бортында, ауруханаларда,
жарылыс заттарының қасында, қауіпті жерлерде және т.б. жерлерде қолданылуы мүмкін. Егер белгілі
бір құрылғыны қолдану бойынша саясатты нақты білмесеңіз, оны қолданудан бұрын рұқсат сұраңыз.
Нормативтік жапсырмаларды көру
Сонымен қатар кейбір өнімдерде электрондық нормативтік жапсырмалар (e-жапсырмалар) болуы
мүмкін. Оларды жүйенің BIOS утилитасы арқылы ашуға болады.
Нормативтік жапсырмалар, елге немесе аймаққа сәйкес занды ақпаратты (мысалы, FCC
идентификаторы) қамтамасыз етеді. Ол компьютердің төменгі жағында, батарея ұясының ішінде (тек
таңдаулы өнімдерде), қызмет көрсетуге арналған алынбалы есіктің астында (тек таңдаулы
өнімдерде), дисплейдің артқы жағында немесе сымсыз байланыс не модем модулінде орналасқан.
ЕСКЕРТПЕ: электрондық жапсырмалар барлық өнімдерге қолжетімді емес.
ЕСКЕРТПЕ: Америка Құрама Штаттарында сатуға немесе пайдалануға арналмаған құрылғыларда FCC
идентификаторы болмауы мүмкін.
Электрондық нормативтік жапсырмаларды көру үшін:
1. Компьютерді қосыңыз немесе қайта бастаңыз.
2. Computer Setup утилитасына кіру үшін esc немесе f10 пернесін басыңыз.
3. Меңзегіш құрылғы немесе көрсеткі пернелердің көмегімен Advanced (Қосымша), Electronic Labels
лектрондық жапсырмалар) тармақтарын таңдаңыз және enter пернесін басыңыз.
4. Электрондық жапсырманы көру үшін меңзегіш құрылғы немесе көрсеткі пернелердің көмегімен
тізімде көрсетілген элементтердің бірін таңдаңыз және OK түймесін басыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: қол жетімді электрондық жапсырмалар тізімі компьютер моделіне және орнатылған
құрылғыларға байланысты әртүрлі болады.
5. Өзгертулерді сақтамай Computer Setup мәзірлерінен шығу үшін мына әрекеттер орындаңыз:
Экранның төменгі оң жақ бұрышындағы Exit белгішесін таңдаңыз және экрандағы нұсқауларды
орындаңыз.
– немесе –
Көрсеткі пернелердің көмегімен Main (Негізгі), Ignore Changes and Exit (Өзгертулерді сақтамай
шығу) пәрменін таңдап, enter пернесін басыңыз.
Байланыстар туралы федералды комиссия хабарламасы
Бұл құрылғы сынақтан өткізіліп, байланыстар туралы федералды комиссия хабарламасының 15-
бөліміне қатысты сандық құрылғыларға арналған B сыныбына сәйкес келеді.
1