User's Guide

Windows Hello мүмкіндігін пайдалану (тек таңдаулы
өнімдерде)
Саусақ ізін оқу құрылғысымен немесе қосымша инфрақызыл камерамен жабдықталған өнімдерде
Microsoft Hello мүмкіндігі көмегімен жүйеге саусақты сырғыту немесе камераға қарау арқылы кіруге
болады.
Windows Hello орнату үшін
1. Пуск (Бастау) түймешігін басып, Параметры (Параметрлер) пәрменін және Учетные записи
(Есептік жазбалар) параметрін таңдаңыз, одан кейін Параметры входа (Кіру параметрлері)
пәрменін таңдаңыз.
2. Құпия сөзді қосу үшін Добавить (Қосу) пәрменін таңдаңыз.
3. Начало работы (Алғашқы жұмыс) опциясын таңдаңыз, одан кейін саусақ ізін немесе бетіңіздің
идентификациялық кодын тіркеу және PIN кодын орнату үшін экрандағы нұсқауларды
орындаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: PIN ұзындығы шектелмейді. Әдепкі параметр бойынша сандар ғана қолданылады.
Әріптерді немесе ерекше таңбаларды пайдалану үшін Включить буквы и символы (Әріптер мен
таңбалардан тұрады) құсбелгісін қойыңыз.
Интернет қауіпсіздігін қамтамасыз ететін бағдарламалық
құралын пайдалану
Компьютерді электрондық пошта жіберу, желіге немесе Интернетке қосылу үшін пайдаланған кезде
компьютерлік вирустар, тыншық бағдарламалар және басқа да онлайн қауіп-қатерлер
компьютеріңізге түсуі мүмкін. Компьютеріңізді қорғау үшін вирусқа қарсы мүмкіндігі және желіаралық
қалқаны бар Интернет қауіпсіздігін қамтамасыз ететін бағдарламалық құралының сынақ нұсқасы
компьютерде алдын ала орнатылған болуы мүмкін. Жаңа пайда болған вирустардан және басқа
қауіпсіздік қатерлерінен уақытымен қорғауды қамтамасыз ету үшін вирусқа қарсы бағдарлама
жаңартылып отыруы керек. Компьютерді толығымен қорғау үшін қауіпсіздік бағдарламалық
құралының сынақ нұсқасын толық нұсқаға дейін жаңарту немесе таңдауыңыз бойынша
бағдарламалық құралды сатып алу ұсынылады.
Вирусқа қарсы бағдарламалық құралды пайдалану
Компьютер вирустары утилиталарды, бағдарламаларды немесе амалдық жүйені өшіріп, олардың
қалыпсыз жұмыс істеуіне әкелуі мүмкін. Вирусқа қарсы бағдарламалық құрал вирустардың көбін
тауып жоя алады, сондай-ақ, көбінесе олардың келтірген зиян салдарын шешеді.
Жаңа пайда болған вирустардан уақытымен қорғауды қамтамасыз ету үшін вирусқа қарсы бағдарлама
жаңартылып отыруы керек.
Компьютеріңізде вирусқа қарсы бағдарлама алдын ала орнатылуы мүмкін. Компьютерді толығымен
қорғау үшін вирусқа қарсы бағдарламаны таңдауыңызға қарай пайдалануға кеңес беріледі.
Компьютер вирустары туралы қосымша ақпаратты алу үшін тапсырмалар тақтасының іздеу
жолағында поддержка (қолдау) сөзін жазып, HP Support Assistant бағдарламасын таңдаңыз.
– немесе –
Тапсырмалар тақтасындағы сұрау белгісінің белгішесін басыңыз.
Windows Hello мүмкіндігін пайдалану (тек таңдаулы өнімдерде) 43