User's Guide

амалдық жүйенің өзі немесе басқа бағдарламалық құралдар бөліктері туындауы мүмкін аппараттық
құралдың ақаулықтарын бөлектейді.
Компьютерде Windows операциялық жүйесі жүктелмесе, аппараттық құралдардың мәселелерін
диагностикалау үшін HP PC Hardware Diagnostics UEFI құралын пайдалануға болады.
HP PC Hardware Diagnostics UEFI арқылы аппараттық құралды ауыстыруды талап ететін ақаулық
анықталған кезде ақаулықтың 24 таңбалы идентификациялық коды жасалады. Мәселені шешумен
көмек алу үшін қолдау қызметімен байланысып, ақаулықтың идентификациялық кодын хабарлаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Өзгертпелі компьютерде диагностикалау құралын бастау үшін компьютерді ноутбук
режиміне ауыстырып, тіркелген пернетақтаны пайдаланыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Егер диагностикалық сынақты тоқтату қажет болса, esc пернесін басыңыз.
HP PC Hardware Diagnostics UEFI бастау
HP PC Hardware Diagnostics UEFI құралын бастау үшін келесі қадамдарды орындаңыз:
1. Компьютерді қосыңыз немесе өшіріп қайта бастаңыз және esc пернесін тез басып қалыңыз.
2. f2 пернесін басыңыз.
BIOS бағдарламасы диагностикалық құралдарды үш орыннан төмендегі тәртіпте іздейді:
а. Жалғанған USB флэш-жады дискісі
ЕСКЕРТПЕ: HP PC Hardware Diagnostics UEFI құралын USB флэш-жады дискісіне жүктеу
туралы ақпаратты HP PC Hardware Diagnostics UEFI құралының ең соңғы нұсқасын жүктеп
алу (51-бет) бөлімінен қараңыз.
ә. Қатты диск
б. BIOS
3. Диагностикалау құралы ашылғанда, тілді, одан кейін орындалатын диагностикалық сынақтың
түрін таңдаңыз және экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
HP PC Hardware Diagnostics UEFI құралын USB флэш-жады дискісіне жүктеу
USB флэш-жады дискісіне жүктелген HP PC Hardware Diagnostics UEFI құралы келесі жағдайларда
пайдалы болады:
HP PC Hardware Diagnostics UEFI алдын-ала орнатылған кескінде қамтылмаған кезде.
HP PC Hardware Diagnostics UEFI HP Tool бөлімінде қамтылмаған кезде.
Қатты диск зақымдалған кезде.
ЕСКЕРТПЕ: HP PC Hardware Diagnostics UEFI құралын жүктеп алу жөнінде нұсқаулар ағылшын тілінде
ғана беріледі. Жүктеу және HP UEFI қолдау ортасын жасау үшін тек .exe пішіміндегі файлдар
қолданылғандықтан Windows компьютерін пайдалану қажет.
HP PC Hardware Diagnostics UEFI құралының ең соңғы нұсқасын жүктеп алу
HP PC Hardware Diagnostics UEFI құралының ең соңғы нұсқасын USB флэш-жады дискісіне жүктеу үшін:
HP PC Hardware Diagnostics UEFI пайдалану 51