User's Guide

Түймешік, желдеткіш және үндеткіштер
ЕСКЕРТПЕ: Компьютерге ұқсас суретті қараңыз.
Бөлік Сипаттама
(1) Қуат түймесі Компьютер өшірулі болғанда, компьютерді қосу үшін
түймешікті басыңыз.
Компьютер қосулы болғанда, ұйқы күйін қосу үшін
түймешікті тез басып қалыңыз.
Компьютер ұйқы күйінде болғанда, ұйқы күйінен шығу
үшін түймешікті тез басып қалыңыз.
Компьютер күту күйінде болған кезде, күту күйінен
шығу үшін түймешікті тез басып қалыңыз.
ЕСКЕРТУ: Қуат түймешігін басып тұрғанда сақталмаған
ақпараттар жойылады.
Компьютер жауап беруді тоқтатып, өшіру процедуралары
көмектеспесе, компьютерді өшіру үшін қуат түймешігін кем
дегенде 5 секунд басып ұстап тұрыңыз.
Қуат параметрлері туралы ақпаратты қуат опцияларынан
қараңыз:
Питание (Қуат) белгішесін тінтуірдің оң жақ
түймешігімен басып, Электропитание (Қуат
параметрлері) тармағын таңдаңыз.
(2) Желдеткіш тесік Ішкі бөліктерді салқындату үшін ауа ағынын қосады.
ЕСКЕРТПЕ: Компьютер желдеткіші ішкі бөліктерді
салқындату үшін және қызып кетуден қорғау үшін
автоматты түрде қосылады. Жұмыс барысында
желдеткіштің біресе қосылып, біресе өшіп отыруы –
қалыпты жағдай.
(3) Үндеткіштер (2) Дыбыс шығарады.
12 2-тарау Компьютермен танысу