User's Guide

Белгіше Сипаттама
«Windows 10 жүйесінде анықтама алу әдісі» веб-бетін ашады.
Бұл пернені басып тұрғанда экран жарықтығы қадам бойынша төмендетіледі.
Бұл пернені басып тұрғанда, экран жарықтығы қадам бойынша жоғарылатылады.
Жүйеге қосылған дисплейлердің арасында экран суретін ауыстырып көрсетеді. Мысалы, егер монитор
компьютерге қосылған болса, осы перне басылғаннан кейін, экран кескіні компьютер дисплейінен
монитор дисплейіне ауыстырылып, компьютер мен монитордың екеуінде көрсетіледі.
Пернетақтаның артқы жарықтандыру функциясын өшіреді немесе қосады. Бұл мүмкіндікті батарея
зарядын үнемдеу үшін өшіріңіз.
Үндеткіш дыбысын өшіреді немесе қайта қосады.
Пернені басып тұрса, үндеткіштегі дыбыс деңгейі біртіндеп азаяды.
Пернені басып тұрса, үндеткіштегі дыбыс деңгейі біртіндеп артады.
Ықшам дискіден алдыңғы ән жолын, DVD немесе Blu-ray дискісінен (BD) алдыңғы жолды ойнатады.
Ықшам дискіні, DVD немесе BD дискісін ойнатуды бастайды, уақытша тоқтатады немесе ойнатуды
жалғастырады.
Аудио ықшам дискідегі келесі жолды, ал DVD немесе BD дискілерінде келесі бөлімді ойнатады.
Ұшу режимін және сымсыз байланыс мүмкіндігін қосады немесе ажыратады.
ЕСКЕРТПЕ: Ұшу режимі пернесі де сымсыз байланыс түймешігі деп саналады.
ЕСКЕРТПЕ: Сымсыз байланысты орнату үшін сымсыз желі де орнатылуы қажет.
14 2-тарау Компьютермен танысу