User's Guide

1. Пуск (Бастау) опциясын, кейін Microsoft Store опциясын таңдаңыз.
2. Іздеу жолағының жанындағы есептік жазба профилі суретін таңдап, Загрузки и обновления
үктеулер мен жаңартулар) опциясын таңдаңыз.
3. Загрузки и обновления (Жүктеулер мен жаңартулар) бетінде жаңартулар үшін таңдау жасаңыз
және экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Драйверлерді жаңарту үшін
1. Тапсырмалар тақтасының іздеу жолағына параметры центра обновления windows
(windows update параметрлері) сөзін жазып, Параметры Центра обновления Windows (Windows
Update параметрлері) опциясын таңдаңыз.
2. Проверить наличие обновлений (Жаңартулардың бар-жоқтығын тексеру) опциясын таңдаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Егер Windows жүйесі жаңа драйверді таба алмаса, құрылғы өндірушісінің веб-
торабына кіріңіз және нұсқауларды орындаңыз.
Компьютерді тазалау
Компьютерді қауіпсіз түрде тазалау үшін келесі өнімдерді пайдаланыңыз:
Құрамында спирті жоқ әйнек тазалағыш сұйықтық
Су және жұмсақ сабын қосылған ерітінді
Құрғақ микроталшықты тазалау шүберегі немесе күдері (майланбаған жұмсақ антистатикалық
шүберек)
Антистатикалық шүберек майлықтар
ЕСКЕРТУ: Компьютерді бір жолға зақымдауы мүмкін қатты тазартқыш еріткіштерді немесе
бактерицидтік майлықтарды пайдаланбаңыз. Тазалағыш заттың компьютер үшін қауіпсіз болғанына
сенімді болмасаңыз, спирт, ацетон, аммоний хлориді, метиленхлорид және көмірсутектер сияқты
ингредиенттердің өнім құрамында жоқ екенін тексеріңіз.
Қағаз орамал сияқты талшықты материалдар компьютерге сызат түсіруі мүмкін. Уақыт өткенде, кір
және тазалағыш заттар сызаттарды бітеуі мүмкін.
Тазалау іс рәсімдері
Осы нұсқаулықта берілген нұсқауларды компьютерді қауіпсіз тазалау үшін орындаңыз.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Ток ұру немесе жабдықтың зақымдалуын болдырмау үшін, токқа қосулы
компьютерді тазаламаңыз.
1. Компьютерді өшіріңіз.
2. Айнымалы ток көзінен ажыратыңыз.
3. Токқа қосылатын сыртқы құрылғылардың барлығын ажыратыңыз.
ЕСКЕРТУ: Ішкі бөліктерді зақымдамау үшін, тазалағыш заттар немесе сұйықтықтарды компьютер
беткейіне тікелей шашпаңыз. Бетіне түскен сұйықтықтар ішкі бөліктердің зақым алуына әкелуі мүмкін.
Дисплейді тазалау
Дисплейді жұмсақ, талшықтары жоқ, спиртсіз әйнек тазалау құралына малынған шүберекпен жайлап
сүртіңіз. Компьютерді жабу алдында, оның дисплейін құрғатып алу керек.
38 7-тарау Компьютерге техникалық қызмет көрсету