User's Guide

14 Арнайы мүмкіндіктер
Арнайы мүмкіндіктер
HP алуан түрлілікті, қатыстыруды және жұмысты/өмірді компанияның құрылымына енгізу бойынша
жұмыс істеуде, сондықтан бұл біздің әрбір әрекетімізде көрінеді. Мұнда адамдарды дүние жүзіндегі
технология қуатына қосуға негізделген инклюзивті ортаны жасау мақсатында атқаратын жұмыстарға
ерекшеліктерді орнату жолының кейбір мысалдары берілген
.
Арнайы мүмкіндіктерге арналған қажетті құралдарды табу
Технологиялар адам әлеуетін жүзеге асыра алады. Арнайы мүмкіндіктер тосқауылдарды жойып,
үйдегі, жұмыстағы және қоғамдағы дербестікті жасауға көмектеседі. Арнайы мүмкіндіктер
электрондық және ақпараттық технологияларының функциялық мүмкіндіктерін кеңейтуге, сақтауға
және жақсартуға көмектеседі. Қосымша ақпаратты Ең жақсы арнайы технологияны табу (65-бет)
бөлімінен қараңыз.
Біздің міндетіміз
HP компаниясы мүмкіндіктері шектеулі адамдардың пайдалануына арналған өнімдер мен қызметтерді
шығаруды өз міндетіне алады. Біздің міндетіміз компанияның алуан түрлі мақсаттарына қолдау
көрсетеді және технология артықшылықтарының барлық адамға қол жетімді болуын қамтамасыз
етеді.
Біздің арнайы мүмкіндіктер тұрғысындағы мақсатымыз мүмкіндіктері шектеулі адамдарды қоса,
барлығы тиімді пайдалана алатын өнімдер мен қызметтерді оқшаулы түрде немесе тиісті көмекші
құрылғылармен жасақтау, өндіру және нарыққа шығару болып табылады.
Мақсатымызға қол жеткізу үшін, біздің арнайы мүмкіндіктер саясатымыз компания ретінде біздің
әрекеттеріміз бойынша нұсқау беретін негізгі жеті мақсатты орнатады. Барлық HP менеджерлері мен
қызметкерлерден осы мақсаттарға қолдау көрсету және өз рөлдері мен мүмкіндіктеріне сәйкес жүзеге
асыру күтіледі:
Компаниядағы арнайы мүмкіндіктер мәселелері туралы танымалдық деңгейін көтеріп,
қызметкерлерімізге арнайы мүмкіндіктерге қатысты өнімдер мен қызметтерді жасақтау, өндіру,
нарыққа шығару және жеткізу бойынша қажетті оқу курсын қамтамасыз ету.
Өнімдер мен қызметтерге арналған арнайы мүмкіндіктер туралы нұсқауларды әзірлеп, осы
нұсқауларды жүзеге асыруға жауапты өнімді әзірлеуші топтарды бәсекелестікке, техникалық
және экономикалық тұрғыда негізделген етіп ұстау.
Мүмкіндіктері шектеулі адамдарды арнайы мүмкіндіктер туралы нұсқауларды әзірлеуге және
өнімдер мен қызметтерді жасақтауға және сынақтан өткізуге қатыстыру.
Арнайы мүмкіндіктер туралы құжат пен өнімдеріміз бен қызметтеріміз туралы ақпаратты оңай
қол жеткізуге болатын пішімде әзірлеу.
Жетекші көмекші технологияны және шешімді жеткізушілермен қарым-қатынастарды орнату.
64 14-тарау Арнайы мүмкіндіктер