Equipment reference manual
Бөлшектеуге дайындалу
Ішкі бөліктерін алу үшін кіру панелін шығарып алу керек:
1. Компьютерді ашуға тыйым салатын барлық қауіпсіздік құрылғыларын алып тастаңыз/істен
шығарыңыз.
2. Компьютерден барлық алынатын шағын диск немесе USB флэш драйвтерін алып тастаңыз.
3. Компьютерді амалдық жүйе арқылы дұрыстап өшіріңіз, одан кейін сыртқы құрылғыларды
өшіріңіз.
4. Қуат сымын қуат розеткасынан ажыратыңыз және сыртқы құрылғыларды ажыратыңыз.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Қуат қосу күйіне қарамастан, жүйе белсенді AТ розеткасына жалғанып
тұрса, жүйелік тақтада үнемі кернеу болады. Компьютердің ішкі бөліктерінің зақымдалуын
болдырмау үшін қуат сымын ажыратып қою керек.
Компьютердің алынбалы панелін алу
1. Компьютерді бөлшектеуге дайындаңыз. Бөлшектеуге дайындалу (6-бет) бөлімін қараңыз.
2. Компьютердің артындағы құлақты бұранданы босатыңыз (1), панельді (2) артқа сырғытып, оны
шассиден көтеріп шығарыңыз (3).
6 2-тарау Құрылғы жаңартулары










