Equipment reference manual

Жұмыс үстелінен мұнара конфигурациясына өзгерту
Шағын форм-фактор компьютерін тік бағытында HP компаниясынан сатып алуға болатын қосымша
тігінен орналасқан тұғыр арқылы қолдануға болады.
ЕСКЕРТПЕ: Компьютерді тігінен орнықтыру үшін, HP қосымша тік тұғыр қолдануға кеңес береді.
1. Компьютерді бөлшектеуге дайындаңыз. Бөлшектеуге дайындалу (6-бет) бөлімін қараңыз.
2. Компьютердің оң жағын төмен қаратып бағыттаңыз да, компьютерді қосымша тұғырға
орналастырыңыз.
3. Қуат сымын және сыртқы құрылғыларды қайта жалғап, компьютерді қосыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Компьютердің әр жағынан кем дегенде 10,2 сантиметр (4 дюйм) кедергісіз бос орын
қалуын қадағалаңыз.
4. Алынбалы панелін алғанда істен шығарылған қауіпсіздік құралдарын бекітіңіз.
Жұмыс үстелінен мұнара конфигурациясына өзгерту 11