Equipment reference manual

Кеңейту картасын алу немесе орнату
Компьютерде бір PCI Express x1 кеңейту ұясы және бір PCI Express x16 кеңейту ұясы бар.
ЕСКЕРТПЕ: PCI Express ұяшықтары тек қана төмен профайл кәртішкелеріне қолдау көрсетеді.
PCI Express ×1, ×4, ×8 немесе ×16 кеңейту карталарын PCI Express x16 ұясына орнатуға болады.
Екі графикалық карта конфигурациясы үшін бірінші (басты) картаны PCI Express ×16 ұясына орнату
керек.
Кеңейту картасын алу, ауыстыру немесе қосу үшін:
1. Компьютерді бөлшектеуге дайындаңыз. Бөлшектеуге дайындалу (6-бет) бөлімін қараңыз.
2. Компьютердің алынбалы панелін алыңыз. Компьютердің алынбалы панелін алу (6-бет) бөлімін
қараңыз.
3. Дұрыс бос кеңейту ұяшық жапқышын жүйе тақтасына және сәйкес кеңейту ұяшығын компьютер
шассиінің артына орналастырыңыз.
4. Ұяшық қақпағын босату сырғытпасын ашық күйге бұрыңыз.
5. Кеңейту картасын орнатуға дейін кеңейту ұяшығының қақпағын немесе ішінде тұрған кеңейту
картасын алып тастаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Орнатылған кеңейту картасын алу үшін, кеңейту картасына жалғанып тұрған
барлық кабельдерді ажыратыңыз.
а. Бос PCI Express x1 ұясына кеңейтім картасын орнататын болсаңыз, кеңейтім ұясы
қақпағының (1) артқы жағындағы ұяларға жалпақ ұшты бұрауышты салыңыз және оны
шассиден (2) шешіп алу үшін ұя қақпағын артқа және алға қозғаңыз.
16 2-тарау Құрылғы жаңартулары