Equipment Reference Manual - HP Engage One Retail System, Models 141, 143, 148
Кіріс/Шығыс қосылым базасын Engage One құрылғысына
бекіту
Кіріс/Шығыс қосылым базасын компьютер тұғырының астыңғы жағына жалғауға болады.
1. Компьютерді операциялық жүйе арқылы дұрыс өшіріп, одан кейін барлық сыртқы
құрылғыларды өшіріңіз.
2. Қуат сымдарын компьютерден және Кіріс/Шығыс қосылым базасынан ажыратыңыз.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Қуат қосу/өшіру күйіне қарамастан, жүйе қосылып тұрған AТ көзіне
жалғанып тұрса, жүйе тақтасында әрқашан тоқ болады. Компьютердің ішкі бөлшектерінің
зақымдалмауы үшін қуат сымын ажырату және қуаттың жоғалуы үшін шамамен 30 секунд күту
керек.
3. Кіріс/Шығыс қосылым базасының (1) астындағы төрт бұранданы алу және Кіріс/Шығыс қосылым
базасының (2) қақпағын көтеру арқылы Кіріс/Шығыс қосылым базасының қақпағын алып
тастаңыз.
4. USB Type-C қуат кабелін тұғыр бағанының астындағы USB Type-C портына жалғаңыз.
Кіріс/Шығыс қосылым базасын Engage One құрылғысына бекіту 17










