Equipment Reference Manual - HP Engage One Retail System, Models 141, 143, 148

Автономды кіріс/шығыс қосылым базасын Engage One
құрылғысына жалғау
1. Компьютерді операциялық жүйе арқылы дұрыс өшіріп, одан кейін барлық сыртқы
құрылғыларды өшіріңіз.
2. Қуат сымдарын компьютерден және Кіріс/Шығыс қосылым базасынан ажыратыңыз.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Қуат қосу/өшіру күйіне қарамастан, жүйе қосылып тұрған AТ көзіне
жалғанып тұрса, жүйе тақтасында әрқашан тоқ болады. Компьютердің ішкі бөлшектерінің
зақымдалмауы үшін қуат сымын ажырату және қуаттың жоғалуы үшін шамамен 30 секунд күту
керек.
3. USB Type-C қуат кабелін тұғыр бағанының астындағы USB Type-C портына және Кіріс/Шығыс
қосылым базасындағы USB Type-C астындағы қуат портына жалғаңыз.
4. Кіріс/Шығыс қосылым базасының қуат көзін Кіріс/Шығыс қосылым базасына және жерге
тұйықталған розеткаға жалғаңыз. Айнымалы ток адаптерін жалғау қуат көзіне жалғау (6-бет)
бөлімін қараңыз.
Кіріс/Шығыс қосылым базасының қуат беретін тізбекті
порттарын конфигурациялау
Тізбекті порттың параметрлерін қалыпты (ток берілмейтін) тізбекті порттар немесе ток берілетін
тізбекті порттар ретінде реттеуге болады. Кейбір құрылғылар ток беретін тізбекті портты қолданады.
Тізбекті порттың параметрлері ток берілетін порт ретінде реттелетін болса, ток беретін тізбекті
интерфейсті қолдайтын құрылғылар сыртқы қуат көзін қажет етпейді.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Тізбекті порт құрылғыларын жалғау немесе ажырату алдында жүйе қуатын
өшіру керек.
ЕСКЕРТПЕ: Кіріс/Шығыс қосылым базасы әдепкі параметр бойынша стандартты қуаттанбайтын
сериялық режиммен (0 вольттық) теңшелген барлық порттармен жеткізіледі.
Әрбір тізбекті порт үшін үш кернеу параметрі бар.
Автономды кіріс/шығыс қосылым базасын Engage One құрылғысына жалғау 19