Equipment Reference Manual - HP Engage One Retail System, Models 141, 143, 148

ЕСКЕРТПЕ: Саусақ ізін оқу құралын Кіріс/Шығыс қосылым мүмкіндігі базасының екі жағына тіркеуге
болады, бірақ оны Кіріс/Шығыс қосылым базасының сол жағына бекітсеңіз, саусақ ізін оқу құралы
microSD ұяшығын және Кіріс/Шығыс қосылым базасындағы құлақаспап ұяшығын жабады.
1. Компьютерді операциялық жүйе арқылы дұрыс өшіріп, одан кейін барлық сыртқы
құрылғыларды өшіріңіз.
2. Қуат сымдарын компьютерден және Кіріс/Шығыс қосылым базасынан ажыратыңыз.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Қуат қосу/өшіру күйіне қарамастан, жүйе қосылып тұрған AТ көзіне
жалғанып тұрса, жүйе тақтасында әрқашан тоқ болады. Компьютердің ішкі бөлшектерінің
зақымдалмауы үшін қуат сымын ажырату және қуаттың жоғалуы үшін шамамен 30 секунд күту
керек.
3. Саусақ ізін оқу құралын (1) кеңейткішке (2) қойып, орнату кронштейні (3) мен кабельді бағыттау
қысқышын (4) саусақ ізін оқу құралына және кеңейткішке саусақ ізін оқу құрылғысымен бірге
берілген екі ұзын бұрандамен (5) бекітіңіз.
4. USB кабелін саусақ ізін оқу құралына (1) жалғап, кабельді саусақ ізін оқу құралындағы (2)
бақыттау қысқышының астымен бағыттаңыз. Бекіту бұрандасын (3) Кіріс/Шығыс қосылым
базасының астыңғы жағынан алып, содан кейін саусақ ізін оқу құралы жинағындағы
кронштейнді негізден шығарып алынған бұранда мен жинақта қамтылған қысқы бұранданың
көмегімен Кіріс/Шығыс қосылым мүмкіндігі базасының (4) астына бекітіңіз.
Қосымша саусақ ізін оқу құрылғысын Кіріс/Шығыс қосылым базасына бекіту 23