Equipment Reference Manual - HP Engage One Retail System, Models 141, 143, 148
5. Саусақ ізін оқу құралының кабелін Кіріс/Шығыс қосылым мүмкіндігі базасындағы USB Type-A
портына жалғаңыз.
6. Кіріс/Шығыс қосылым базасы мен компьютердің қуат сымдарын қайта жалғаңыз.
Engage One бас құрылғысын тұғырдан алу
1. Компьютерді операциялық жүйе арқылы дұрыс өшіріп, одан кейін барлық сыртқы
құрылғыларды өшіріңіз.
2. Қуат сымын компьютерден ажыратыңыз.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Қуат қосу/өшіру күйіне қарамастан, жүйе қосылып тұрған AТ көзіне
жалғанып тұрса, жүйе тақтасында әрқашан тоқ болады. Компьютердің ішкі бөлшектерінің
зақымдалмауы үшін қуат сымын ажырату және қуаттың жоғалуы үшін шамамен 30 секунд күту
керек.
3. Босату түймесін жіберу үшін, бұрағыш сияқты жұқа металл құралды тұғырдағы компьютер басы
құралын босату саңылауына (1) салып, бас құралын тұғырдан (2) тартыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Қауіпсіздік бұрандасы босату саңылауына орнатылса, босату түймесін қол жеткізу
үшін, T-10 бұрағышымен бұранданы алып тастаңыз.
24 3-тарау Жабдық конфигурациялары мен жаңартулары










