Equipment Reference Manual - HP Engage One Retail System, Models 141, 143, 148

Engage One бас құрылғысын тұғырға бекіту
1. Компьютерді операциялық жүйе арқылы дұрыс өшіріп, одан кейін барлық сыртқы
құрылғыларды өшіріңіз.
2. Қуат сымын компьютерден ажыратыңыз.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Қуат қосу/өшіру күйіне қарамастан, жүйе қосылып тұрған AТ көзіне
жалғанып тұрса, жүйе тақтасында әрқашан тоқ болады. Компьютердің ішкі бөлшектерінің
зақымдалмауы үшін қуат сымын ажырату және қуаттың жоғалуы үшін шамамен 30 секунд күту
керек.
3. Компьютер бас құрылғысының артқы жағындағы бағыттауыш бағандарды тұғыр бағанындағы
сәйкес саңылауларға туралап, бас құрылғысын бағанға қарай басыңыз.
Engage One бас құрылғысын қабырғаға орнату
Компьютердің бас құрылғысын қабырғаға бекіту үшін, қосымша VESA орнату кронштейнін
пайдалануға болады.
1. Компьютердің бас құрылғысы тұғырға бекітсеңіз, бас құрылғысын алып тастаңыз. Engage One бас
құрылғысын тұғырдан алу (24-бет) бөлімін қараңыз.
2. VESA орнату кронштейнін қабырғаға бекітіңіз.
3. USB Type-C қуат кабелін VESA орнату кронштейніндегі (1) USB Type-C қуат кабеліне жалғаңыз.
Компьютер бас құрылғысының артқы жағындағы бағыттауыш бағандарды VESA орнату
кронштейніндегі сәйкес саңылауларға туралап, бас құрылғысын VESA орнату кронштейніне (2)
қарай басыңыз.
Engage One бас құрылғысын тұғырға бекіту 25