Equipment Reference Manual - HP Engage One Retail System, Models 141, 143, 148

Engage One құрылғысын үстел үстіне орнату
Компьютердің бас құрылғысы мен бағанын үстел үстіне бекіту үшін, қосымша жұмыс бетінің орнату
кронштейнін пайдалануға болады.
ЕСКЕРТПЕ: Орнату кронштейні үшін үстел үстіне 80 мм саңылау қажет. Үстел үстінің қалыңдығы
10мм - 50 мм аралығында болуы керек.
1. Тұғыр негізі бағанға тіркелсе, бағанның (1) астындағы бұранданы алып тастап, негізді бағаннан
(2) шығарып алыңыз.
2. Кабель(дер)ді орнату кронштейнінің (1) жоғарғы бөлігіндегі саңылау арқылы жүргізіп,
кабельдерді бағанның астына бекітіңіз (2).
ЕСКЕРТПЕ: Бағанда принтер бар болса, жалғанатын төрт кабелі болады. Оның принтері
болмаса, жалғанатын бір кабель болады.
Engage One құрылғысын үстел үстіне орнату 27