Equipment Reference Manual - HP Engage One Retail System, Models 141, 143, 148

Қауіпсіздік бұрандасын Engage One бас құрылғысына және
VESA бекітпесіне орнату
Компьютер бас құрылғысының босату түймесін пайдалануға жол бермеу үшін, түсіп қалмайтын
қауіпсіздік бұрандасын компьютер VESA ілгегіне T-10 бұрағышымен енгізуге болады.
1. VESA кронштейніндегі артқы қақпақ босату қойындысын (1) басып, артқы қақпақты VESA
кронштейнінен (2) тартып шығарыңыз. Қауіпсіздік бұрандасын (3) VESA кронштейнінің ішкі
жағынан алып, артқы қақпағын (4) ауыстырыңыз.
2
. Тіркелмеген болса, бас құрылғысын VESA ілгегінің (1) үстіне басып, қауіпсіздік бұрандасын (2)
VESA
ілгегіндегі босату түймесінің саңылауына орнатыңыз.
Дисплей панелін алу
Компьютердің ішкі құрамдас бөлшектеріне кіру үшін, дисплей панелін компьютердің бас
құрылғысынан алып тастау керек.
1. Компьютерді операциялық жүйе арқылы дұрыс өшіріп, одан кейін барлық сыртқы
құрылғыларды өшіріңіз.
2. Қуат сымын компьютерден ажыратыңыз.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Қуат қосу/өшіру күйіне қарамастан, жүйе қосылып тұрған AТ көзіне
жалғанып тұрса, жүйе тақтасында әрқашан тоқ болады. Компьютердің ішкі бөлшектерінің
зақымдалмауы үшін қуат сымын ажырату және қуаттың жоғалуы үшін шамамен 30 секунд күту
керек.
3. Компьютердің бас құрылғысын тұғырдан алып тастаңыз. Engage One бас құрылғысын тұғырдан
алу (24-бет) бөлімін қараңыз.
Қауіпсіздік бұрандасын Engage One бас құрылғысына және VESA бекітпесіне орнату 31