Equipment Reference Manual - HP Engage One Retail System, Models 141, 143, 148
4. Компьютердің бас құрылғысының астыңғы ұяшығындағы үш түсіп қалмайтын бұранданы
босатыңыз.
5. Компьютер дисплейі панелінен компьютер басы құралын қосылым нүктелері бойынша бөліп,
содан кейін дисплей панелін шамамен 2,5 см-ге (бір дюйм) көтеріңіз.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Дисплей панелін компьютер басы құралынан 2,5 см-ден (бір дюйм) артық
көтермеңіз. Дисплей панелін толық шығарып алудан бұрын, ішкі кабельді ажырату керек.
6. Дисплей панелін компьютер басы құралынан 2,5 см (бір дюйм) аралықта ұстап тұрып, дисплей
кабелінің қосылымына кіру үшін, дисплей панелін 7,5 см-ге (үш дюйм) (1) дейін көтеріңіз.
Дисплей кабель қосылымын (2) жабатын таспаның қырларын көтеріп, кабель ұшындағы
қойындыны тарту арқылы дисплей кабелін жүйелік тақтадағы (3) қосқыштан ажыратыңыз.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Таспаның қырларын бүкпеңіз. Дисплей кабелін қайта жалғағанда, оны
қайта орналастыру керек.
32 3-тарау Жабдық конфигурациялары мен жаңартулары










