Equipment Reference Manual - HP Engage One Retail System, Models 141, 143, 148
7. Дисплей панелін компьютер басы құралының үстіңгі жағына және жұмсақ таза шүберекпен
жабылған тегіс бетке бұраңыз.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Сенсорлық және WLAN кабельдері дисплей панелінің үстіңгі жағы мен
компьютер басы құралының үстіңгі жағы арасына жалғанады. Кабельдер ажыратылмауы үшін,
дисплей панелін алу кезінде мұқият болыңыз.
Дисплей панелін ауыстыру
Ішкі құрамдас бөлшектерді ауыстырудан немесе орнатудан кейін, компьютер бас құрылғысындағы
дисплей панелін ауыстыру үшін, төмендегі нұсқауларды орындаңыз.
1. Дисплей панелін компьютер басы құралының үстіне айналдырыңыз.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Дисплей панелінің үстіңгі жағы мен компьютер басы құралының үстіңгі
жағы арасына сенсорлық және WLAN кабельдері жалғанғанын тексеріңіз.
2. Дисплей панелін алға қарай 7,5 см (үш дюйм) (1) көтеріп, компьютер басы құралынан 2,5 см (бір
дюйм) жоғары көтеріп ұстап тұрыңыз. Дисплей кабелін жүйелік тақтасындағы (2) дисплей
қосқышына жалғап, таспаның жиектері жүйе тақтасына жапсырылуы үшін, жиектерді басыңыз.
Дисплей панелін ауыстыру 33










