Equipment Reference Manual - HP Engage One Retail System, Models 141, 143, 148

Жүйе тақтасының құрамдас бөліктері
Осы нұсқаулықта айтылған жүйелік тақта құрамдас бөліктерін табу үшін төмендегі кестені қараңыз.
Жүйе тақтасының құрамдас бөліктері
(1) SD картасының ұяшығы (4) WLAN модулі
(2) CFD қосқышы (5) M.2 SSD
(3) Жад модульдері
2 x 20 тұтынушыға қарайтын дисплейді (CFD) орнату
1. Компьютерді операциялық жүйе арқылы дұрыс өшіріп, одан кейін барлық сыртқы
құрылғыларды өшіріңіз.
2. Қуат сымын компьютерден ажыратыңыз.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Қуат қосу/өшіру күйіне қарамастан, жүйе қосылып тұрған AТ көзіне
жалғанып тұрса, жүйе тақтасында әрқашан тоқ болады. Компьютердің ішкі бөлшектерінің
зақымдалмауы үшін қуат сымын ажырату және қуаттың жоғалуы үшін шамамен 30 секунд күту
керек.
3. Компьютердің бас құрылғысын тұғырдан алып тастаңыз. Engage One бас құрылғысын тұғырдан
алу (24-бет) бөлімін қараңыз.
4. Дисплей панелін компьютердің бас құрылғысынан алып тастаңыз. Дисплей панелін алу (31-бет)
бөлімін қараңыз.
Жүйе тақтасының құрамдас бөліктері 35