Equipment Reference Manual - HP Engage One Retail System, Models 141, 143, 148
7. Жад модулін орнату үшін, жаңа жад модулін шамамен 30° бұрышқа (1) бұрып, ысырмалар жадты
орнына құлыптауы үшін, жад модулін ұяшық (2) үстіне басыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Жад модулін тек бір жолмен орнатуға болады. Модульдің кертпелерін жад
ұяшығының ілгегіне дәлдеңіз.
8. Қалқанның сол жағын компьютер тақтасына (1) басып, содан кейін оның оң жағын төмен басу (2)
арқылы жад модулінің үстіндегі қалқанды ауыстырыңыз.
9. Компьютер бас құрылғысының дисплей панелін ауыстырыңыз. Дисплей панелін ауыстыру
(33-бет) бөлімін қараңыз.
10. Компьютер бас құрылғысын тұғырға бекітіңіз. Engage One бас құрылғысын тұғырға бекіту
(25-бет) бөлімін қараңыз.
11. Қуат сымын қайта жалғап, қуат түймесін басыңыз.
Компьютерді қосқан кезде, ол қосымша жадты автоматты түрде оқиды.
40 3-тарау Жабдық конфигурациялары мен жаңартулары










