Equipment Reference Manual - HP Engage One Retail System, Models 141, 143, 148
M.2 қатты күйдегі дискін (SSD) алу және орнату
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: SSD дискін ауыстыратын болсаңыз, деректерді жаңа қатты драйвқа көшіріп
алу үшін, сақтап қоюды ұмытпаңыз.
1. Компьютерді операциялық жүйе арқылы дұрыс өшіріп, одан кейін барлық сыртқы
құрылғыларды өшіріңіз.
2. Қуат сымын компьютерден ажыратыңыз.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Қуат қосу/өшіру күйіне қарамастан, жүйе қосылып тұрған AТ көзіне
жалғанып тұрса, жүйе тақтасында әрқашан тоқ болады. Компьютердің ішкі бөлшектерінің
зақымдалмауы үшін қуат сымын ажырату және қуаттың жоғалуы үшін шамамен 30 секунд күту
керек.
3. Компьютердің бас құрылғысын тұғырдан алып тастаңыз. Engage One бас құрылғысын тұғырдан
алу (24-бет) бөлімін қараңыз.
4. Дисплей панелін компьютердің бас құрылғысынан алып тастаңыз. Дисплей панелін алу (31-бет)
бөлімін қараңыз.
5. SSD дискін алу үшін, SSD дискін жүйелік тақтаға (1) бекітетін бұранданы шығарып алып, содан
кейін SSD дискін жүйелік тақта қосқышынан (2) сырғытып шығарыңыз.
M.2 қатты күйдегі дискін (SSD) алу және орнату 41










