Equipment Reference Manual - HP Engage One Retail System, Models 141, 143, 148

5. SD картасын жүйелік тақтадағы SD карта ұяшығына салыңыз.
6. Компьютер бас құрылғысының дисплей панелін ауыстырыңыз. Дисплей панелін ауыстыру
(33-бет) бөлімін қараңыз.
7. Компьютер бас құрылғысын тұғырға бекітіңіз. Engage One бас құрылғысын тұғырға бекіту
(25-бет) бөлімін қараңыз.
8. Қуат сымын қайта жалғап, қуат түймесін басыңыз.
WLAN модулін алу және орнату
1. Компьютерді операциялық жүйе арқылы дұрыс өшіріп, одан кейін барлық сыртқы
құрылғыларды өшіріңіз.
2. Қуат сымын компьютерден ажыратыңыз.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Қуат қосу/өшіру күйіне қарамастан, жүйе қосылып тұрған AТ көзіне
жалғанып тұрса, жүйе тақтасында әрқашан тоқ болады. Компьютердің ішкі бөлшектерінің
зақымдалмауы үшін қуат сымын ажырату және қуаттың жоғалуы үшін шамамен 30 секунд күту
керек.
3. Компьютердің бас құрылғысын тұғырдан алып тастаңыз. Engage One бас құрылғысын тұғырдан
алу (24-бет) бөлімін қараңыз.
4. Дисплей панелін компьютердің бас құрылғысынан алып тастаңыз. Дисплей панелін алу (31-бет)
бөлімін қараңыз.
WLAN модулін алу және орнату 43