Equipment Reference Manual - HP Engage One Retail System, Models 141, 143, 148
5. WLAN модулін алу үшін, WLAN кабельдерін (1) ажыратып, модульді жүйелік тақтаға бекітетін
бұранданы (2) шығарып алып, модульді жүйелік тақта қосқышынан (3) сырғытып шығарыңыз.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: WLAN кабельдері мен қосқыштары 1 және 2 сандарымен белгіленген.
Кабельдерді қайта жалғау кезінде WLAN модуліндегі нөмірленген белгілерді кабельдердегі
нөмірлерген белгілермен сәйкестендіріңіз.
6. WLAN модулін орнату үшін, модульдің қосқышқа жалғанатын ұшын жүйелік тақта қосқышына (1)
сырғытып салып, модульдің басқа ұшын жүйелік тақтаға бұранда (2) арқылы бекітіңіз және
содан кейін дисплей панеліндегі екі кабельді WLAN модуліндегі (3) қосқыштарға жалғаңыз.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: WLAN кабельдері мен қосқыштары 1 және 2 сандарымен белгіленген.
Кабельдерді жалғау кезінде WLAN модуліндегі нөмірленген белгілерді кабельдердегі
нөмірлерген белгілермен сәйкестендіріңіз.
7. Компьютер бас құрылғысының дисплей панелін ауыстырыңыз. Дисплей панелін ауыстыру
(33-бет) бөлімін қараңыз.
8. Компьютер бас құрылғысын тұғырға бекітіңіз. Engage One бас құрылғысын тұғырға бекіту
(25-бет) бөлімін қараңыз.
9. Қуат сымын қайта жалғап, қуат түймесін басыңыз.
44 3-тарау Жабдық конфигурациялары мен жаңартулары










