Equipment Reference Manual - HP Engage One Retail System, Models 141, 143, 148
Басып шығару мүмкіндіктері
Принтер көпжақты болып, оның әртүрлі басып шығару опциялары бар. Мәтін, графика және
штрихкодтар көптеген әртүрлі пішіндер мен өлшемдерде көрсетіледі. Принтерді мәтін, графика
немесе басқа сипаттамаларды өзгертуге бағдарламалау туралы қосымша ақпарат алу үшін,
Бағдарламалау нұсқаулығын қараңыз.
Түбіртек қағазын өзгерту кезінде
Орам шетіне жақындағанда немесе орам бос болғанда, қағазды өзгертіңіз. Қағаз төмендегенде,
транзакцияның бір бөлігі таусылмауы үшін, пайдалану барысын бақылау қажет. Орам босағанда, жаңа
орамды дереу салуыңыз қажет, әйтпесе деректер жойылуы мүмкін.
● Қағаз төмендегенде, түсті жолақтар түбіртек қағазында (сатып алынған қағазда сызықтар болса)
пайда болып, шағын транзакция үшін жеткілікті қағаз қалғанын көрсетеді.
● Орам босағанда, принтердегі жасыл жарық диоды жылдам жыпылықтап, қағаз орнату керектігін
көрсетеді.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Принтерде қағаз таусылғанда, принтерді немесе хост компьютерін
пайдаланбаңыз. Принтер басып шығармайтын болса да, хост компьютерінен деректер
қабылдауды жалғастыруы мүмкін. Нәтижеде деректер жойылуы мүмкін.
Принтердің түбіртек қағазын жүктеу
1. Қақпақтың әрбір тарапын орнынан шықпайынша (1) ақырын жоғары тарту арқылы түбіртек
қақпағын ашыңыз.
2. Қажет болса, сынақ басып шығару немесе пайдаланылған қағазды алып тастаңыз.
3. Түбіртек қағазын шпиндельдегі қағаз бөліміне ішінен айналып шығатын етіп (2)
орналастырыңыз. Қағаздың бірнеше дюймін принтерден шығарып қойыңыз. Қағаз кептелісін
болдырмау үшін, қағаздың бағыттауыштар арасында болуын бақылаңыз.
4. Қағазды орнында ұстап тұрып, толық жабылғанын тексеру мақсатында бірінші басылғаннан
кейін, аздап қысым қолдану үшін, түбіртек қақпағын (3) жабыңыз. Қағаз орнатылып, толық
жабылғанда, жарық диоды жыпылықтауды тоқтатады.
46 4-тарау Бағанды принтерді пайдалану










