Equipment Reference Manual - HP Engage One Retail System, Models 141, 143, 148

Жұмсақ, түксіз мата қолданыңыз. Қатты мата қолданбаңыз. Экранды әрқашан дымқыл матамен
сүртіңіз. Тазалайтын сұйықты матаға шашыңыз, экранға емес, сұйық дисплейдің ішіне кіріп кетуі
немесе жақтауында таңба қалдыруы мүмкін.
MSR техникалық қызмет көрсету
MSR (магнитті жолақты оқу құралы) құрылғысын тазалау үшін, MSR арқылы стандартты тазалау
картасын бір-екі рет сипап өтіңіз. Стандартты тазалау картасына онлайн тапсырыс беруге болады.
Сонымен қатар несие картасының айналасына жұқа майсыз шүберек қойыңыз.
Жеткізуге дайындау
Компьютерді жеткізіп беруге дайындау барысында мына ұсыныстарды орындаңыз.
1. Қатты дискідегі файлдардың сақтық көшірмесін жасаңыз. Сақталу немесе тасымалдау
барысында сақтық көшірме жасалатын тасушының электр немесе магниттік импульстарға
ұшырамайтынын тексеріңіз.
ЕСКЕРТПЕ: Жүйенің қуаты ажыратылғанда, қатты диск автоматты түрде бекітіледі.
2. Шығарылатын тасушылардың бәрін шығарып, сақтаңыз.
3. Компьютерді және сыртқы құрылғыларды өшіріңіз.
4. Қуат сымын розеткадан, одан кейін компьютерден ажыратыңыз.
5. Жүйе компоненттерін және сыртқы құрылғыларды қуат көздерінен, одан кейін компьютерден
ажыратыңыз.
6. Жүйе компоненттері мен сыртқы құрылғыларды қорғау үшін, оларды өз қораптарына немесе
оларға ұқсас орам материалдары жеткілікті қораптарға салыңыз.
56 б қосымшасы Компьютер жұмысы туралы нұсқаулық, күнделікті қызмет көрсету және жіберу
дайындықтары