Getting Started - HP Retail System series
2 Негізгі ақаулықтарды жою әрекеттері
Ақаулықтарды жою бойынша мәліметтерді Руководство по обслуживанию (Техникалық күтім және
қызмет көрсету нұсқаулығы) (тек ағылшын тілінде бар) құжатынан алуға болады. http://www.hp.com/
support Сілтемесіне өтіп, Найдите свое устройство (Құрылғыңызды табыңыз) қойыншасын таңдап,
одан кейін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
POST тексеру кезіндегі алдыңғы тақта индикаторларының
және дыбыстық сигналдардың мағыналары
Егер компьютердің индикаторлар жыпықтаса немесе дыбыстық сигналдар естілсе, мағынасын және
ұсынылған әрекетті білу үшін Руководство по обслуживанию (Техникалық күтім және қызмет көрсету
нұсқаулығы) (тек ағылшын тілінде бар) құжатын қараңыз.
Көріп тексеру: Жүктелмейді, іске қосылмайды, бейне
көрсетілмейді
Егер компьютер немесе бағдарлама жұмысында мәселелер пайда болса, одан арғы әрекеттерді
орындау алдында жалпы ұсыныстар тізімін қараңыз:
●
Компьютер жарамды айнымалы ток розеткасына қосылғанын тексеріңіз.
●
Компьютер қосулы және қуат шамы қосулы екенін тексеріңіз.
●
Жүйе іске қосылмаса, кез келген пернені басып тұрыңыз. Егер жүйе дыбыстық сигнал берсе,
пернетақтаның дұрыс жұмыс істеп тұрғаны.
●
Барлық кабель қосылымдарында қосылым дұрыстығын немесе сенімділігін тексеріңіз.
●
Пернетақтадағы кез келген пернені немесе қуат түймесін басу арқылы компьютерді күту
режимінен шығарыңыз. Егер жүйе кідіріс режимінде қалса, қуат түймесін кемінде төрт секунд
басып тұрып, компьютерді өшіріңіз. Содан кейін, компьютерді іске қосу үшін қуат түймесін қайта
басыңыз. Егер жүйе өшпесе, қуат сымын ажыратып, бірнеше секунд күтіп, оны қайта қосыңыз.
Егер компьютерді реттеу бағдарламасында автоматты түрде іске қосу орнатылған болса,
компьютер қайта іске қосылады. Компьютер қайта іске қосылмаса, қуат пернесін басыңыз.
●
Рlug and play қызметіне жатпайтын опцияны орнатқаннан кейін, компьютерді қайта
конфигурациялаңыз.
●
Барлық қажетті құрылғы драйверлеріне орнатылғанына көз жеткізіңіз. Мысалы, принтерді
пайдалансаңыз, сізге осы принтер моделінің драйвері қажет.
●
Жүйені іске қосудан бұрын, ондағы барлық тасушыларды алып тастаңыз.
●
Егер өндіруші орнатқаннан басқа амалдық жүйені орнатсаңыз, компьютеріңіз осы жүйеге қолдау
көрсете ме, соны тексеріңіз.
ЕСКЕРТУ: Компьютер АТ қуат көзіне қосылған кезде, кернеу жүйелік тақтаға үнемі беріледі. Жүйелік
тақтаны немесе құрамдас бөлшекті зақымдау қаупін азайту үшін, компьютерді ашу алдында қуат
сымын әрқашан қуат көзінен ажыратыңыз.
4 2-тарау Негізгі ақаулықтарды жою әрекеттері










