Getting Started - HP Retail System series
Толығырақ ақпарат іздеу
Компьютердің қатты дискінде әртүрлі жарияланымдар қол жетімді. Жарияланыпдарға кіру үшін:
●
Пуск (Бастау) түймесін басып, Все программы (Барлық бағдарламалар), Справка и поддержка HP
(HP анықтамасы және қолдау), одан кейін Документация HP (HP құжаттары) тармақтарын
таңдаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Тізілген құжаттардың кейбіреулері барлық модельдерге қосылмайды.
●
Жұмысқа кірісу—Нұсқаулығы компьютер мен перифериялық құрылғыларды қосуға, әрі өндіруші
қамтамасыз еткен бағдарламаларды реттеуге мүмкіндік береді
; сонымен қатар бастапқы іске
қосу кезінде қандай да мәселелер пайда болған жағдайда, ақаулықтарды жою туралы негізгі
мәліметтерді қамтиды.
●
Жабдықпен жұмыс бойынша анықтамалық нұсқаулық—Өнім жабдығын шолу, сондай-ақ, осы
компьютерлер сериясын жаңарту туралы нұсқауларды қамтиды; нақты уақыттағы сағат
батареялары, жад және қуатпен қамту туралы мәліметтерді қамтиды.
●
Руководство по обслуживанию (Техникалық қызмет көрсету нұсқаулығы) (тек ағылшын тілінде)
—Бөлшектерді алып тастау және ауыстыру, ақауларды жою, орнату бағдарламалары, қалыпты
күтім жасау, POST қате хабарлары, диагностикалық индикатор шамы мен қате кодтар туралы
ақпаратты қамтиды.
●
Заңдық, қауіпсіздік және қоршаған орта ескертпелері—АҚШ, Канада және әртүрлі халықаралық
реттеулерге сәйкестігін қамтамасыз ететін қауіпсіздік және заңдық ақпаратты қамтамасыз етеді.
HP Support Assistant
HP Support Assistant – компьютердің өнімділігін сақтауға және автоматтандырылған жаңартулар мен
реттеу, ендірілген диагностика мен қадамдық анықтама көмегімен мәселелерді шешуге көмектесетін
HP бағдарламасы. HP Support Assistant бағдарламасы Windows® 10 жүйесі бар барлық HP немесе
Compaq компьютерлерінде алдын ала орнатылған.
Windows
®
10 жүйесіндегі HP Support Assistant бағдарламасына кіру үшін тапсырмалар тақтасының
іздеу терезесіне support сөзін теріп, HP Support Assistant бағдарламасын таңдаңыз.
HP Support Assistant пайдалану арқылы бір орыннан келесі тапсырмаларды орындауға болады:
●
Компьютеріңіздің атын және басқа жүйе сипаттамаларын көру
●
Пайдаланушы құжаттамасын көру
●
Құрылғыны немесе принтерді қосу және басқа жүйелік параметрлерді өзгерту
●
Моделіңізге қатысты анықтаманы және қолдауды алу
●
Компьютерге HP қолдау бағдарламаларын орнату
●
Компьютер үшін принтер бөлшектерін сатып алу
Маңызды BIOS параметрлері
Мына BIOS параметрлері дұрыс конфигурация үшін компьютер жұмысын аяқтауды талап етеді.
Параметрлер әдепкіде қосылмайды.
Осы параметрлердің дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін BIOS ішінде параметрді қосыңыз және
компьютерді өшіріңіз.
Толығырақ ақпарат іздеу 5










