Getting Started - HP Retail System series
ЕСКЕРТПЕ: Егер компьютер қалыпты жұмысты аяқтаудан өтпесе, қосылған параметрлер істемейді.
S5 ең жоғарғы қуат үнемдеу. «Қосу» мәніне орнатылғанда, компьютер өшірулі күйінде 0,5 Вт кем
пайдалануға теңшеледі. Осы төменгі қуат деңгейіне жету үшін ояту көздерінің көбісі ажыратылады
және кейбір қосалқы қуат өшіріледі.
Компьютерді өшіру
Компьютерді дұрыс өшіру үшін алдымен амалдық жүйенің жұмысын аяқтаңыз.
●
Пуск (Бастау) түймешігін басып, Питание (Қуат) белгішесін, содан кейін Завершение работы
(Жұмысты аяқтау) белгішесін таңдаңыз.
Операциялық жүйеге байланысты қуат түймесін басқанда компьютер автоматты түрде өшпейді, оның
орнына қуатты төмен тұтыну немесе «Ұйқы» режиміне енеді. Бұл бағдарламаларды жаппастан
энергияны үнемдеуге мүмкіндік береді; Кейінірек операциялық жүйені қайта іске қосусыз және ешбір
деректерді жоғалтпастан компьютерді бірден пайдалана бастауға болады.
ЕСКЕРТУ: Компьютерді қолмен өшіру барлық сақталмаған деректердің жоғалуын тудырады.
Кейбір модельдерде қуат түймесін Қуат опциялары терезесінде Қосулы/Өшірулі режимінде жұмыс
істеуге қайта конфигурациялауға болады. Тапсырмаларды іздеу жолағында power сөзін теріп,
Параметры питания и спящего режима (Қуат және ұйқы параметрлері), Дополнительные параметры
питания (Қосымша қуат параметрлері) опцияларын таңдап, Укажите действие кнопки питания (Қуат
түймешігінің әрекетін таңдаңыз) опциясын таңдаңыз.
6 2-тарау Негізгі ақаулықтарды жою әрекеттері










