Getting Started - HP Retail System series

4 Техникалық қолдау қызметіне
хабарласу алдында
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Компьютер АТ қуат көзіне қосылған кезде, кернеу жүйелік тақтаға үнемі беріледі.
Электр тогының соғуынан және/немесе ыстық беттерден алынатын дене жарақатының қаупін азайту
үшін қуат сымын қабырға ұяшығынан ажыратыңыз және ұстамас бұрын жүйенің ішкі құрамдас
бөліктерінің суығанын күтіңіз.
Егер компьютермен мәселелер бар болса, техникалық қолдау қызметіне хабарласу алдында нақты
мәселені бөлектеу үшін төмендегі тиісті шешімдерді қолданып көріңіз.
HP Diagnostic Solution қолданбасын іске қосыңыз.
Компьютерді реттеу бағдарламасында дискіні қорғау жүйесінің (DPS) өзін тексеруін орындаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Дискіні қорғау жүйесінің (DPS) өзін тексеру бағдарламасы тек кейбір модельдерде
қол жетімді.
Компьютердің алдыңғы тақтасындағы қуат индикаторы жыпықтап тұрғанын не
жыпылықтамайтынын тексеріңіз немесе компьютерден шығатын дыбыстық сигналдар сериясын
тыңдаңыз. Индикатордың жыпықтауы және/немесе дыбыстық сигналдар мәселені
диагностикалауға көмектеседі. Қосымша ақпарат алу үшін, Руководство по обслуживанию
ехникалық күтім және қызмет көрсету нұсқаулығы) (тек ағылшын тілінде) құжатын қараңыз.
Желіде жұмыс істеп жатсаңыз:
Компьютерді желіге қосу үшін басқа желілік кабель қолданыңыз.
Желіге басқа компьютерді басқа кабельмен қосыңыз.
Ақауыңыз шешілмесе, компьютердің желілік ұяшығы немесе желілік қабырға ұяшығында ақау
болуы мүмкін.
Егер жақында жаңа жабдық қоссаңыз, жабдықты алып, компьютер дұрыс жұмыс істей ма, соны
тексеріңіз.
Егер жақында жаңа бағдарламалық құрал орнатқан болсаңыз, оны жойып, компьютердің дұрыс
істеп тұрғанын тексеріңіз.
Барлық драйверлерді жүктеусіз іске қосылатынын не қосылмайтынын көру үшін компьютерді
қауіпсіз режимде іске қосыңыз. Операциялық жүйені іске қосқанда «Соңғы сәтті теңшелім»
нұсқасын пайдаланыңыз.
http://www.hp.com/support сайтындағы желілік техникалық қолдау қызметтерін пайдаланыңыз.
Қосымша жалпы ұсыныстарды Көріп тексеру: Жүктелмейді, іске қосылмайды, бейне
көрсетілмейді (4-бет) бөлімін қараңыз.
Егжей-тегжейлі ақпарат алу үшін, Руководство по обслуживаниюехникалық күтім және қызмет
көрсету нұсқаулығы) (тек ағылшын тілінде бар) құжатын қараңыз.
Мәселелеріңізді желіде шешуге көмектесу үшін HP Support Wizard (HP қолдау шебері) қызметі тәуелсіз
диагностика құралдарын ұсынады. Егер HP қолдау қызметіне хабарласу керек болса, HP Support
Wizard (HP қолдау шебері) қызметінің желілік чат функциясын пайдаланыңыз. HP Support Wizard (HP
қолдау шебері) қызметінің мекенжайы: http://www.hp.com/go/ispe.
9