Getting Started - HP Retail System series
1 Бағдарламаны орнату және теңшеу
Егер компьютеріңіз Microsoft операциялық жүйесінсіз жеткізілсе, бұл құжаттың кейбір бөліктері
қолданылмайды. Қосымша мәліметтер операциялық жүйені орнатқаннан кейін бағдарламалық құрал
анықтамасында қолжетімді болады.
ЕСКЕРТУ: Операциялық жүйені орнату сәтті аяқталғанша компьютерге қосымша құрылғыларды
немесе үшінші тарап құрылғыларын қоспаңыз. Бұл қателер тудыруы және операциялық жүйенің
дұрыс орнатылуына кедергі келтіруі мүмкін.
Windows операциялық жүйесін орнату
Компьютерді бірінші рет қосқанда, операциялық жүйе автоматты түрде орнатылады. Қандай амалдық
жүйе орнатылғанына байланысты бұл процесс шамамен 5 - 10 минут алады. Орнатуды аяқтау үшін
экрандағы нұсқауларды мұқият оқыңыз және орындаңыз.
ЕСКЕРТУ: Автоматты түрде орнату басталғаннан кейін ПРОЦЕСС АЯҚТАЛҒАНША КОМПЬЮТЕРДІ
ӨШІРМЕҢІЗ. Орнату барысында компьютерді өшіру компьютерде орындалып жатқан
бағдарламаларды зақымдауы немесе орнатуды дұрыс орындауға кедергі жасауы мүмкін.
Windows жаңарту файлдарын жүктеу
1. Интернет қосылымын орнату үшін Пуск (Бастау) түймесін, Microsoft Edge бағдарламасын таңдап,
содан кейін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
2. Жаңарту файлдары мен қызмет бумаларын тауып, орнатыңыз.
Тапсырмалар тақтасының іздеу терезесіне update немесе windows update сөздерін теріп,
содан кейін Жаңарту файлдарын тексеру бөлімін таңдаңыз.
– немесе –
Экранның оң жағынан бастап сипап, Все параметры (Барлық параметрлер) бөлімін, содан кейін
Обновление и безопасность (Жаңарту және қауіпсіздік) бөлімін таңдаңыз.
– немесе –
Тапсырмалар тақтасының шеткі оң жағындағы хабарландыру аймағында Центр поддержки
(Қолдау көрсету орталығы) белгішесін таңдап, Все параметры (Барлық параметрлер) бөлімін,
содан кейін Обновление и безопасность (Жаңарту және қауіпсіздік) бөлімін таңдаңыз.
Маңызды жаңартулар мен қызмет бумаларының барлығын орнату ұсынылады.
3. Жаңартулар орнатылғаннан кейін Windows жүйесі компьютерді қайта іске қосуды ұсынады.
Қайта жүктеуден бұрын, барлық ашық файлдарды немесе құжаттарды сақтаңыз. Содан кейін
компьютерді қайта іске қосу үшін Иә түймесін басыңыз.
4. Windows жаңарту орталығын ай сайын іске қосып отырыңыз.
Windows операциялық жүйесін орнату 1










