Getting Started - HP Retail System series
Құрылғылардың драйверлерін орнату және жаңарту
(Windows жүйелері)
Операциялық жүйе орнатылғаннан кейін қосымша құрылғыларды орнатқанда, әр құрылғының
драйверін де орнату керек.
i386 каталогы сұралса, C:\i386 жолын көрсетіңіз немесе «i386» қалтасын табу үшін тілқатысу
терезесіндегі
Обзор түймесін басыңыз. Бұл әрекет операциялық жүйеге тиісті драйверлерге нұсқайды.
Амалдық жүйеге арналған қолдау көрсету бағдарламасы қоса, соңғы қолдау көрсету бағдарламасын
http://www.hp.com/support сілтемесінен алып, Найдите свое устройство (Құрылғыңызды табыңыз)
опциясын таңдаңыз және экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Дисплейді теңшеу (Windows жүйелері)
Қаласаңыз, жаңарту жиілігін, экран ажыратымдылығын, түс параметрлерін, қаріп өлшемдерін және
қуатты басқару параметрлерін таңдауға немесе өзгертуге болады.
Бастау экраны мен жұмыс үстеліне арналған дисплей параметрлерін теңгеуге болады.
●
Дисплей параметрлерін теңшеу үшін:
Тапсырмалар тақтасының іздеу терезесіне дисплей немесе изменить параметры дисплея
(дисплей параметрлерін өзгерту) сөздерін теріп, содан кейін Параметры дисплея (Дисплей
параметрлері) бөлімін таңдаңыз.
– немесе –
Жұмыс үстелін тінтуірдің оң жақ түймесімен басып, Параметры дисплея (Дисплей параметрлері)
бөлімін таңдаңыз.
●
Дисплей параметрлерін жекелендіру үшін:
Тапсырмалар тақтасының іздеу терезесіне персонализация (жекелендіру) сөзін теріп,
Персонализация (Жекелендіру) бөлімін таңдаңыз.
тема (тақырып) немесе фон сияқты арнайы терминдерді теруге болады.
– немесе –
Жұмыс үстелін тінтуірдің оң жақ түймесімен басып, Персонализировать (Жекелендіру) түймесін
таңдаңыз.
Амалдық жүйені пайдалану, жаңарту және оған
техникалық қызмет көрсету
Орталықтандырылған басқару аймағына кіріп, компьютер басқаруға болады. Төмендегі опциялар
қолжетімді:
●
Компьютер атын және басқа жүйелік параметрлерді көру немесе өзгерту
●
Құрылғыны немесе принтерді қосу және басқа жүйелік параметрлерді өзгерту
●
Моделіңізге қатысты анықтаманы және қолдауды алу
●
Компьютерге HP қолдау бағдарламаларын орнату
●
Компьютер үшін қосалқы бөлшектерді және қосалқы құралдарды сатып алу
2 1-тарау Бағдарламаны орнату және теңшеу










